Атырау, 6 мамыр 09:08
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Мұнай дәурені өтіп, «жаңа дәуір» келді ме?", "«ОА-дағы экономикалық дағдарыс кесірі демократияға тиді»", "2035 жылы Орта Азиядағы көшбасшы Өзбекстан болуы мүмкін", "Ауылға үш тіл білетін агроном қажет пе?", "Путиннiң «ботқасы»"

2 073 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Дохадағы саммите ымыраға келе алмады" - 17 сәуiрде Дохада мұнай өндiрушi елдердiң саммитi өттi. Оған 18 елдiң мұнай министрлерi қатысты. Бұл жиынға бiздiң елiмiзден энергетика министрi Қанат Бозымбаевтiң барып-қайтатыны жөнiнде “Қазақстан жаңалықтары" хабарлаған едi. Шыны керек, бұл басқосудан бiраз ел, оның iшiнде бiз де бармыз, сүбелi “сыбаға" күткен едiк. Өкiнiшке қарай, сенiм ақталмады. Мұнай өндiретiн алпауыт елдер бiр үстел басында өндiрiс көлемi жөнiнде ымыраға келе алмады. Сөйтiп, Доха саммитiнiң екiншi раунды маусым айында Венада, ОПЕК елде­рiнiң келесi жиы­нында жалғасын табатын сияқты.

"Путиннiң «ботқасы»" - Байқасаңыз, ел басшыларының халықпен тiкелей байланыс дәстүрi экономикасы шатқаяқтаған, авторитарлы режим орнаған елдерде кең тараған. Венесуэланың бұрынғы президентi, марқұм Уго Чавес көзi тiрiсiнде апта сайын “Алло, президент!" атты телебағдарламасында азаматтардың мәселесiн шешiп, олармен бiрге ән айтып, тiкелей эфирде шенеунiктердi жұмыстан қуатын. Санкция­лардан сансыраған “Бостандық аралының" көсемi Фидель Кастро да осындай медиа ­тәсiл­ге жиi жүгiнетiн.

AZATTYQ.ORG. "Ауылға үш тіл білетін агроном қажет пе?" - Қазақстан мектептерінде жаратылыстану-математика циклы пәндерін ағылшын тілінде оқыта бастау жоспарланған. Кей мұғалімдер, ата-аналар мен ғалымдар болашақ реформаны сынайды.

"«ОА-дағы экономикалық дағдарыс кесірі демократияға тиді»" - Жақында Freedom House өтпелі кезеңдегі 29 мемлекеттің адам құқықтары ахуалын талдаған есебін жариялады. Бұл есепке Орталық Азиядағы бес мемлекет те кірген.

"Мұнай дәурені өтіп, «жаңа дәуір» келді ме?" - Мұнайлы елдер шикізат өндіру көлемін азайту жайлы келісе алмай, мұнай бағасы тағы арзандады. Сарапшылар пікірінше, мұнай бағасы құлдырауы Қазақстанда саяси реформалар жүргізуге ұласпайды.

QAMSHY.KZ. "Eуропарламент Пен АҚШ Түркия Демократиясын cынға алды" - Еуропа Парламентінің соңғы жылдары жасаған баяндамаларының ішіндегі ең бір сыни әрі қаталы – сірә, Түркияға, Түркияның баспасөзге көрсеткен қысымдарына қатысты болса керек. Бірнеше тәуелсіз басылымның биліктің қолына өтуін «заңға қайшы» деп салмақтаған баяндамада, Түркия демократиясының шатқаяқтағаны туралы баса айтылған.

"Психолог: шетелдікке тұрмысқа шығып жатқан қыздардың психологиясында ауытқулар бар" - «Босағада қыздың қырсығы қалады» деген ырыммен қызын қонағындай төрге шығарып, аялап өсірген қазағымыз енді «қызымды сатамын» деген эксперимент жасауы тіпті ерсі көрінді. Ер адамның қыз баласын жетелеп көшеде сатамын деп жүруі қазіргі қыздардың шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығып кетуіне тағы да тұздық болмасына кім кепіл?

ULT.KZ. Жұмыскер қазақтар» немесе бұл елдің иесі кім?" - Адам баласы ата-анасын, бауырын, туыс-туғанын қалай жақсы көрсе, өз ұлтын, Отанын, туған жерін дәл солай жақсы көруі керек. «Әке балаға қарыз, бала далаға қарыз» дегендей. Алайда қазіргі уақытта осы бір рухты сөздердің мән-мағынасы әлсіреп бара жатқандай көрінеді. Бұған не ықпал етіп жатыр? Отанын сүйетіндер кімдер? Неге, ортақ Отанымызда болып жатқан келеңсіз оқиғаларды шешуге тырыспаймыз? Бұл заманның соңы неге апарып соғады? Сансыз сауалдар.

KORRESPONDENT.KZ. "Министрлерiмiз өз халқына қарсы жұмыс істеп жүрген жоқ па?" - Кәсіби Парламент құру үшін мерзімінен бұрын сайлау өткіздік. Дәл осы жолы әділ болуы тиіс деп көпшілік сенген саяси науқан әдеттегі сайқымазақ сарында өтті. Сайлау өткен соң жағдай өзгерер деп үміттеніп едік. Үмітіміз ақталды. Жағдай өзгерді. Бірақ қай жаққа? Сайлау ауыр тиді ме, әлде дағдарыс кезіндегі күтімі нашар боп жүр ме, әйтеуір жоғары жақтағылар өздерін «біртүрлі» сезініп жүрген сияқты. Күн құрғатпай не мәжіліс депутаттарының, не министрлердің «ауыздарынан авария боп» жатқанының куәсі болып жүрміз.

"2035 жылы Орта Азиядағы көшбасшы Өзбекстан болуы мүмкін" - Өмір күннен күнге өзгеріп жатыр. Еліміз үздік 30-дыққа, 50-лікке кіреді, бәрінің алдына шығып дамып барады деп аттандап жүргенде көршілеріміз сол баяғы 90-жылдарда қалып қойғандай көрінуші еді. Расымен солай ма екен?

ABAI.KZ. "«Жеңіс күні» тәуелсіз қазақ мемлекетінің мейрамы ма?" - Әңгімеміздің тақырыбын 140 ұлттың мемлекеті демей, «Қазақ мемлекеті» деп атағанымыз үшін билік басындағы қазақтар бір жолға қапа бола қоймас деп білдік Өйткені, олар 1941-1945 жылдардағы 50 миллионға жуық адам қырылған соғысты да орысқа еліктеп «Ұлы Отан соғысы» деп атағанымен сол жылдары Қазақстанға қызыл вагондармен қойша айдалып келген сол 140 ұлттың ішіндегі әзірбайжан, қарашай, шешен, курд, ингуш, түрік сияқты ұлт өкілдері оны бәрі бірдей «Ұлы Отан соғысы» деп атамайды, олай демек түгіл қарғыс атқыр Мәскеу басшыларының тоз-тоз қылғаны ғой деп аһ ұратындарын өздері де біледі. Ал қарапайым қазақтар ше?









19 сәуір 2016, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.