Атырау, 6 мамыр 06:37
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Экономиканы әртараптандырмай даму мүмкін емес", "Досай Кенжетай: жастардың дінге бет бұруы — қауіпті емес", "Үш тілге көшудің құны 1,5 триллион теңге!", "Шетелдік телеарналардың таралуын реттейтін заң орындалмай қала ма?"

2 167 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Адамды құжатсыз қалғаны үшін бостандығынан айыруға болмайды»" - Құқық қорғаушылардың дерегінше, Қазақстандағы азаматтығы жоқ адамдардың проблемасының кесірі бала-шағаларына да тиіп жатыр. Ал құжатсыз жандардың көретін әуресі олардыкінен де көп.

KORRESPONDENT.KZ. "Экономиканы әртараптандырмай даму мүмкін емес" - Тәуелсіздік алғалы – 25 жыл. Өз валютамыз бар, дербес экономикамыз қалыптасты. Дегенмен, сол 25 жыл ішінде әлемдік нарықта өз орнымызды ала алдық па? Неге әлі күнге дейін шетелдік тауарларды пайдаланамыз? Неге экономикамыз мұнайға тәуелді күйінше қалып қойды? Жауабы біреу – Қазақстан сол 25 жылда шикізат тәуелділігінен арылып, ел экономикасын әртараптандыра алмады. Сол себепті дағдарыс жағдайында экономиканың шикізаттық емес секторы дамып, бюджетке тиісінше табыс әкеледі деп күтудің жөні жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі таңдағы сыртқы қарызы – 155 млрд 57 млн долларды құрайды екен. Оның ішіндегі ең үлкен бөлігі – Нидерландыға тиесілі. Біз голландықтарға 43,13 млрд доллар қарызбыз.

ULT.KZ. "Досай Кенжетай: жастардың дінге бет бұруы — қауіпті емес" - Дәстүрлі деп аталатын құндылықтар мен танымдар, түсініктер мән мағынасынан алыстап барады. Ақпараттық қоғам қысымы да өзінің көз ілеспес жылдамдығымен адамдардың дүниеге көзқарасы мен құндылық танымдарын өзгертіп, қарманарға бұтақ қалдырмады. Осы орайда еліміздегі жастар мәселе, жастардың дінге бет бұруы төңірегінде белгілі теология және философия ғалымдарының докторы Досай Кенжетаймен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.

"Ұрпағыңды аман сақта, қазағым!" - Адамдар арасындағы азғындаудың көбеюі қоғамдағы өзгерістерге байланысты ма, әлде Алла-Тағала пендесіне наза болды ма? Ол жағын біле бермеймін. Бірақ қазір елімізде түрлі келеңсіз оқиғалар көрініс тауып, адам айтса нанғысыз құбылыстар әр жерден бой көрсетуде. Адамдардың жасаған жауыздығына қарап, олардың қатыгездігінің шексіз болып көбейіп келе жатқанын естіп-көріп отырып, «Жаратқан ием-ау, бұл дүние неге айналып барады, адамның адамдық қасиеті қайда?» деген ой күннен-күнге жан дүниемді мазалай беретін болды…

ABAI.KZ. "Балаларды ана тілінен бездіру саясаты жүргізіле бастады" - 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде бірінші сынып оқушылары үш тілде білім ала бастайды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда өткен «Ғылым және бизнес» халықаралық форумында айтты.

"Ғылым академиясын Е. Сағадиевтің әкесі күйретті ме?" - Сағадиев деген есім-сой қазақ ғылымы мен білімінің кеңістігіне һәм басшылығына етене таныс. Рас, қазіргі «мектепке үштілділік жүйе енгіземін» деп алашапқын болып жүрген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі Кенжеғали Сағадиұлын да (бір сұхбатында Әбен әкемнің інісі болған дейді – ред.) дүйім жұрт жақсы таниды. Кенжеғали Сағадиұлы бір кездері Ұлттық ғылым академиясын басқарған.

QAMSHY.KZ. "Шетелдік телеарналардың таралуын реттейтін заң орындалмай қала ма?" - Естеріңізде болса, өткен жылы қазан айының соңында Елбасы «Кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын жазған болатынбыз. Аталған заңмен «Телерадиотарату туралы» заңның 34-бабына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістерге сай телерадио хабарларын таратумен айналысатын операторлар шетелдік телерадио хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында тарату кезінде ол сигналдарды шетелдік жарнамалардан тазартуға міндеттелді.

HALYKNEWS.KZ. "Үш тілге көшудің құны 1,5 триллион теңге!" - Еліміздегі мектептерде үш тілде білім беру 2017-2018 оқу жылынан басталады. Кезең-кезеңмен, бірақ жылдамдата енгізілетін жаңалыққа мемлекет қазынасынан 1 трлн 391 млрд қаржы бөлінеді. Бұл туралы «Время» басылымы жариялады.

DALANEWS.KZ. "Махметғали САРЫБЕКОВ: «Сырттағы ғалымдарымыз елге келсе ғылыми тұрғыдан тоқырап қаламыз деп қауіптенеді»" - Осы жылы ақпан айында «Ғылым туралы» Заң қабылданып, ұлттық ғылым жүйесінің құрылуына негіз салды. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы – қазақстандық патриотизмді, инно­ва­циялық жобаларды, экономика сала­ларын, ғылым-білімді дамытудың даңғыл жолын көрсететін 10 ілкімді идеяны жүзеге асыруды мақсат етті. Үлкен жетіс­тіктерге жетуіміз үшін мемлекет ғылымға сүйенуі тиіс. Ғылымсыз экономика, алға өндіріс те жүрмейтіні анық. Ал дамыған 30 елдің қатарына жетудің басты көрсеткіші – ғылымға көңіл бөлу. Қазіргі уақытта елімізде 400-ден аса ғылыми ұйым және онда жұмыс істейтін 20 мыңға жуық қызметкерлер бар екен.

AIKYN.KZ. "Алматы ядролық бомбадан қалай аман қалды?" - Даман мен Жалаңашкөл соғысы 1969-1979 жылдар арасында болған Қытай мен КСРО арасындағы ширыққан шиеленіс кезінде шынымен болуы мүмкін ядролық соғыс қаупіне душар етті.

ZHASALASH.KZ. "Канада һәм Қазақстандағы төсек дауы" - Канада премьер-министрi Джастин Трюдоның басы дауға қалып, тал қармап жатыр. Жағдайы қиын. Ол елдегi Торронто қаласына ресми iс сапармен барғанында мемлекеттiң, анығын айтқанда, қарапайым салық төлеушiлердiң қаржысын оңды-солды шашып тастапты. Бақандай 2 000 (екi мың) долларға! Трюдо кеңесi ақталып әлек. “Есеп-шотқа жиналыс өткiзуге алған кеңсе ақысы – 700 долларды қателесiп қосып жiберген. Сосын, Трюдо қонған бөлме бағасы 1800 емес, екi түнге 1200 доллар ғана. Оның үстiне премьер-министр Трюдо бiр өзi емес, қонақүйде әйелi және үш баласымен түнеген" деп шырылдап жатыр. Канадалықтар сонда да сенгiсi және кешiрiммен қарағысы жоқ. Салық төлеушi ретiнде бұрынғы премьер-министр Харпер де су жаңа iзбасарының шығынына таңырқап отыр.

"Арыстанның қатесi және Арыстанбектiң шатпағы" - Ахмет Байтұрсыновтың “Арыстан киiк һәм түлкi" дейтiн мысал-өлеңi былай басталады: “Бар едi бiр зеңгiр тау асқан биiк, Әртүрлi мекен еткен аңдар сүйiп. Жол шеккен тамақ iздеп аш арыстан, Сол таудың арасынан қуды киiк". Алғашқы шумағының өзi шиеленiспен өрiлген өлеңдi бiр деммен оқып шығасыз. Сосын түлкiнiң сөзiне ерiп, жардан ұшып өлген арыстанның қылығына ерiксiз езу тартасыз. Бiрақ бiз арыстанның қай жерде қателескенiн әзiрге айтпаймыз. Оны әңгiмемiздiң соңына қалдырып, Арыстанбектiң қатесiне шұғыл ауысқанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенiң аң патшасы бiр ғана қателiгiнiң кесiрiнен түлкiге жем болды. Ал 53 қатесi бар бұйрыққа қол қойған Мәдениет және спорт министрi “аман-сау" шапқылап жүр.

QAZAQUNI.KZ. "Лақапты жасап жүріп, “лақаппен" күресу?!."- Қазақ ұлтының қайта түлеуіне қарсы шыққан Олжас Сүлейменов қазақ халқына не қамқорлық жасады, қандай қорған болды?









13 сәуір 2016, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.