Атырау, 6 мамыр 03:00
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Орталық Азияда экономикалық дағдарыс үдеп барады", "Ол жердің иесі – біз!", "Жер мен көктi жалғаған Байқоңыр сауда-саттық орталығына айналмай ма?", "Әкімді сайлағаннан өзгерген дәнеңе жоқ", “Мектеп қай тілде болу керек?"

1 865 просмотра

ULT.KZ. "Ол жердің иесі – біз!" - Баспа Қазақстандағы медициналық университеттерге қазақша кітап шығарып беріп, миллиондаған пайда тауып жатыр. Бір күні құрбым екі орыстың қазақтар туралы айтып жатқан әңгімесін кездейсоқ естіп қалыпты. «Қазақстанда ақша көп, қазақтар ақшаны қалай жұмсауды білмейді. Қазақстан болмайтын жобаларға қыруар ақшаны оңды-cолды шашып жатыр. Ақымақтар ғой. Қазақстаннан әлі біраз пайда табамыз» деп бөсіп отыр дейді. Олар, әрине, құрбымды байқамаған.

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азияда экономикалық дағдарыс үдеп барады" - 2016 жылдың бірінші тоқсаны аяқталды. Осы мерзімдегі көрсеткішке сүйенген мамандар экономикалық дағдарыс Орталық Азия елдеріне қиын тиеді деген болжам айтады.

"Мигранттар орталығындағы өзбек әйелдері шағымданды" - Ресейдің Мәскеу облысындағы шетел азаматтарын уақытша қамау орталығында отырған мигрант әйелдер зорлық көргендерін айтқан.

QAMSHY.KZ. "Бекболат Тілеухан мен Нұртай Сабильянов жер сатуды қолдап отыр ма?" - Қыс бойы шулап жүріп, көктем шығысымен сайлау өткіздік. Билік жүйесінің ықпалды бір тармағы, заң шығарушы орган парламенттің халық жасақтайтын бөлігі мәжіліс депутаттарын сайлап алдық. Оның қалай өткені өз алдына бөлек әңгіме, әрине. Алайда, билікшілі бар, сыншылы бар, біраз азамат ҮІ шақырылымдағы мәжіліске өткен депутаттардың ішінде қалай десек те қазақшыл, мемлекетшіл, ел мен жердің тағдырына алаңдайтын, тіл мен діннің мәселесінен теріс айналмайтын азаматтар өтті деп бөріктерін аспанға атқанын білеміз.

"Алашқа «ахи» болғандардың біреуі де қазақ емес" - Бүгінде ислам атын жамылып, елге дін таратумен ерінбеген адамның бәрі айналысатындай. «Таза исламды таратамыз, тауһидке шақырамыз» дейтін ондайлардың кейбірінің қандай «дінді» таратып жатқанын Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының имамдары мен ғұламалары ашық айтып жүр.

ABAI.KZ. "Сұлтанғалиевті аяу керек!" - Елімізде тату-тәтті әм терезесі тең өмір сүріп жатқан қазақ ұлты мен өзге де ұлт өкілдерінің арасына от тастаған «camonitor.kz» дейтін сайттың тақырыбы талқыға түсіп жатыр (кеше бұл мәселеге қатысты саясаттанушы Айдос Сарым мен Расул Жұмалылар өз ойын айтқан болатын). Қазақтың рухы сергек азаматтарын «шовинистер» деп атаған, сол «шовинистердің» ұясы – Abai.kz ақпараттық порталы деп атаған Сұлтанғалиевке бүгін белгілі саясаткер Жасарал Қуанышәлин жауап беріп отыр.

KORRESPONDENT.KZ. "Біздің зауыттар жабылу үшін ашылатындай" - Өндіріс орындарының ел экономикасы үшін маңызы зор. Ол дегеніңіз – бюджетке келіп құйылып жатқан салық, екіншіден – қарапайым халықтың еңбекпен қамтылуы. Қала берді, экспортқа шығып я болмаса еліміздің өз ішіндегі тұтынушы қызығын көрер сапалы әрі арзан отандық өнім. Сондықтан да, елімізде бір кәсіпорын ашылса, балаша қуанамыз.

"Әкімді сайлағаннан өзгерген дәнеңе жоқ" - Туралықты ту етіп, әділдікті жақтайтын кез-келген адам үшін демократия мен жариялылық жанына соншалықты жақын екені рас. Сол себепті шығар, осыдан біраз жыл бұрын «алдағы уақытта әкімдер де сайланатын болады» деген хабар тарағанда, шыны керек, теңдікті тәуір көретіндер үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Әрине, елді демократиялық жолмен басқарудың түрлі айла-тәсілдерін ойластырып жүргендер тарапынан бұл ұсыныстың бұған дейін де талай айтылғанын жоққа шығаруға болмас, дегенмен ұтымды ұсыныстардың барлығы бірдей жүзеге асырыла бермейтіні тағы бар.

DALANEWS.KZ. "67P/Чурюмова-Герасименко кометасын зерттеу жаңа ілімге жол ашады" - Бір жыл еуропалық астроном ғалымдар «Фила» (Philae) зерттеу роботы қондырған 67P/Чурюмова-Герасименко кометасына қоныдрған еді. Бұл комета 1969 жылы Қазақстанның В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтында ашылған еді. Сол кезде Киевтен келген астрономдар Клим Чурюмов пен Светлана Герасименко Алматы қаласының іргесіндегі обсерваторияда аспан денелерін бақылап, анықтаған. Алматыдағы Астрофизика институтының жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты Владимир Терещенкомен 67P/Чурюмова-Герасименко кометасының қалай ашылғанын бізге әңгімелеп берді.

TURKYSTAN.KZ. "Тұңғышбай Жаманқұлов, Халық артисі: Күйкі тірлік қазақты індетіп барады" - Ол өнерді, өнердегі тазалықты бәрінен биік қояды. Сахнаны қасиетті тұғырым деп біледі, оның айналасында тек ақ пен адалдың жүргенін қалайтыны сондықтан. Саф өнердің сарбаздары ғана шыққан киелі төр бүгінде «қаптап кеткен жарықшақ «жұлдыздардың» мінберіне айналғаны жанына батады. Өткенге жиі үңілетіні, кешегіге қайта-қайта қарайлайтыны содан. Бүгінгінің өткен күнге ұқсамайтыны секілді, ертеңгінің де қазіргіден мүлдем бөлек боларын білсе де, өмірлі өнер үшін күреседі. Тозбайтын таланттарды тәрбиелеу, тат баспайтын тақырыптарды қозғап, құлдырамайтын құндылықтарды қалыптастыру үшін алысады, арпалысатын сәттері де аз емес. Белгілі актер, режиссер, ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловпен сәті түскен сұхбатымыз респонденттің көкейінде көптен бері қордаланып жатқан ойларын көзі қарақты оқырманға жеткізуді көкседі.

QAZAQUNI.KZ. Мектеп қай тілде болу керек?" - 1927 жылы “Еңбекші қазақ" газетінде (бүгінгі “Егемен Қазақстан") ның “Мектеп қай тілде болу керек?" деген мақаласы жарық көрді. Байқасақ, материал өзектілігін біздің заманда да жоймағандай. Ұлт мектебі ұлт тілінде болу керек деген өзекті мәселені Алаш оқығандары сол уақытта көтерген. Әрине, бүгін заман басқа, әлеумет жағдайы бөлек. Десек те, салқынқандылық танытып, ұлттық мүдде тұрғысынан қарайтын болсақ, Алаш ұстанымына құлақ артқанымыз абзал. Қошкенің соңғы кітабы 7 жылдық мектептің 5-6 сыныптарына арналған 200 беттік “Химия" оқулығы болатын (1929). Қазақ баласы енді жүз жылдан кейін химия сабағын қай тілде оқиды екен?

ZHASALASH.KZ. "Жер мен көктi жалғаған Байқоңыр сауда-саттық орталығына айналмай ма?" - Биыл адамзат баласының қазақ жерiнен ғарышқа ұшқан тарихи оқиғасына 55 жыл толды. “Байқоңыр" – адам баласын бұрын-соңды аяқ баспаған жаңа әлемге аттандырған тұңғыш айлақ. Оның тарихы 1954 жылы Кеңес Одағы алысқа ұшатын баллистикалық зымырандарды сынайтын қолайлы орынды табу үшiн Мемлекеттiк комиссия құрған кезден бас­талады.

"«Ұйықтайтын бар не сиқың?..»" - Мектептердi үш тiлде бiлiм беруге көшiру бүгiнде даулы мәселеге айналды. Бiлiм жүйесiндегi былыққа жаны күйген азаматтар әлеу­меттiк желi арқылы президент пен парламенттiң, сала министрiнiң атына ашық хат жолдап үлгердi.





12 сәуір 2016, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.