Атырау, 6 мамыр 09:00
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Үкiметтiң «үлгерiмi» нашар, Мәсiмовтiң бағасы – «екi»", "Кім мықты: қазақ па, өзбек пе?", "Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болады?", "Ринат Зайытов: жалтақ ақындар үшін Жүрсін мен Нұр Отанды кінәлаудың реті жоқ"

2 324 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Шаруалар жерді аукционмен сатуға сақсына қарайды" - Шаруалардың кейбірі жерді аукцион арқылы сату туралы Қазақстан үкіметінің шешімін мақұл көрсе, кейбірі күмәнмен қарайды. Сарапшылар жер 2003 жылдан бері сатылып келе жатса да, «нәтижесі шамалы болғанын» айтады.

"Оңтүстік Осетия басшысы «Ресеймен одақтасудың» жаңа жолын ұсынды" - Грузиядан бөлініп кеткен, мойындалмаған Оңтүстік Осетияның басшысы Леонид Тибилов елді Ресей құрамына қосуға қатысты референдум өткізу жайлы ұсынысын енді басқаша айтты.

ZHASALASH.KZ. "Үкiметтiң «үлгерiмi» нашар, Мәсiмовтiң бағасы – «екi»" - Егер халық шендiлердiң жұмысына мектептiң мұғалiмi құсап баға қойып, үлгерiмi нашарларды сыныптан сырғытып отырса, Кәрiм Мәсiмов баяғыда-ақ санаттан шығып қалғандай екен. Себебi қымбатшылық құрсауындағы халықты былай қой­ғанда, салқынқанды сарапшылардың өзi үкiмет басшысының жұмысын жаратпай жатыр. Жуырда ғана 3653info.kz порталы “Мәсiмовтiң екiншi премьерлiгiнiң бiрiншiсiнен айырмасы неде?" деген материал жариялады. Мақала авторы “Стратегия" әлеуметтiк және саяси зерттеулер орталығы жүргiзген сауалнаманың қорытындысына сүйене отырып, талдау жасаған.

"Үкiмет денсаулық саласын да жекеменшiкке берудi ұйғарды" - Қазақстан шенеунiктерiнiң бюджетке түсер салмақты азайтудың қандай да болсын жолдарын табуға тырысқан жанталасы күннен-күнге өршiп барады. Қазына қаражатынан қағылар мекеме­лердi аяусыз қиып жатқан өткiр қайшыға бұл жолы денсаулық саласы iлiндi. Астаналық дәрi­гер­лермен жуырдағы кездесуiнде Дариға Назарбаева осы мәселенiң басын қылтитты. Елiмiздегi медициналық мекемелердiң барлығы болашақта жекемен­шiкке берiлмек.

SERKE.ORG. "Таулы Қарабақ мәселесін қалай шешуге болады?" - Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақ үшін болған соғыс саябырсыды. Үш күнге созылған қарулы қақтығыс кезінде тараптар бірін-бірі ауыр артиллерия мен реактивті зымырындардан атқылады, екі жақтан 70-ке жуық адам өлді, жараланғандардың саны 300-ден асып кетті. Қарулы қақтығыстың қайтадан өршуіне Армения мен Әзірбайжан бірін-бірі айыпты көреді. Әлемдік қауымдастық жер дауын соғыс арқылы шешудің мүмкін емес екенін айтып, тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырды. Бірақ мұндағы мәселенің түйіні Советтер Одағы тұсында Әзірбайжан құрамында болған Таулы Қарабақ автономиясына ғана тіреліп тұрған жоқ.

ABAI.KZ. "Кім мықты: қазақ па, өзбек пе?" - Өз басым Қазақ еліне іргелес жатқан Өзбекстанның қазіргі Әлішер Навои облысына қарасты, Тамдыбұлақ ауданында туып өскен жанмын. Жалпы, өзбек пен қазақ сан ғасырлар ауылы аралас, қойы қоралас бірге өмір сүріп келе жатқан туыс халықтар. Тәуелсіздік алған жылдары екі бауырлас елдің, әсіресе, әдеби-мәдени қарым-қатынасы қарышты дами бастағандай болып көрінген, бірақ, кейіннен, уақыт өте келе осы туыстардың арасындағы саяси, мәдени, тілдік, діни, байланыстар алшақтап бара жатқандай көрінеді, маған.

"Қарағұсова ханым не дейді? Немесе аш бала - тоқ баламен ойнамайды..." - Мәжілістің жап-жаңа құрамында өңірлерден келген, Астанада тұратын жерлері әм үйлері жоқ депутаттардың аз емес екендігі белгілі. Ондайлар бар. Мемлекеттік резервтен оларға берілетін тегін баспаналарды ескі шақырылымдағы экс-депутаттар әлі толық босатып бермегендіктен, Парламенттің Шаруашылық басқармасы үйсіз жүрген мәжілісмендерге жағдай жасапты.

ULT.KZ. "Балмұханов ақиқаттан неге ауытқыды?" - Осы тарауда мен Ертіс бойындағы үлкен үш облыс пен Қарағанды аймағының Ертіс алқабымен іргелес екі ауданында тұратын халықтың мазалы тірлігін 42 жылға созылған атомдық, ядролық сынақтар астаң-кестеңін шығарып, адамзат қауымы соған дейін білмеген, естімеген дауасыз дерттерге душар етіп, зардабы бүгінге дейін жойылмаған қасіретті зерттеуге, жұртшылыққа әйгілеуде, сол тажалдан біржола құтылуға хал-қадерінше атсалысқан ұлттық тұлғаларымыздың нақты еңбегі немесе теріс-қағыс әрекеттері жайында сөз етемін. Бәрінің де есімдері мен еңбектері қауымға таныс, ұзақ жылдар ғылым көкжиегінде, қайсыбірі ел басқарушылар санатында ұзақ жүріп, түрліше марапаттар мен ғылыми атақтар иеленген, енді бірі ұлт қайраткері аталғандар; амал не, кейбірінің елеулі кезеңде ағымдағы саясатқа бейімделіп, бас пайдасын көбірек ойлағанын, дімкәс елге келтірген зиянын да нақты деректермен ашамын.

QAMSHY.KZ. "Ринат Зайытов: жалтақ ақындар үшін Жүрсін мен Нұр Отанды кінәлаудың реті жоқ" - Қазақ айтысының алдаспан ақындарының бірі, уытты жырларымен бұқараның мұңын айтып, биліктің былығын әшкерелеп жүрген айтыскер Ринат Зайытов «Қамшы» порталының оқырмандары қойған сұрақтарға жауап берді. Оқырманның сан сауалына берген ақынның жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз.

"Смартфон ұстай алмаған парламенттің қолында қандай билік қалды?" - Бүгін ақпарат құралдары парламент депутаттарының қызмет орнында смартфондар пайдалануына тыйым салынғаны туралы жарыса хабарлады. Бұл талап өткен айдың соңында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қызмет орнында гаджеттер ұстауына тыйым салу туралы бастаманың жалғасы іспеттес болып отыр. Естеріңізде болсақ, бұдан бұрынырақ түрлі министрліктер өздерінің бағынышты органдарына қызметтік мекемелерде смартофн ұстауға тыйым салатын қызметтік хаттар жолдаған болатын. Соған қарап «Парламент те мемлекеттік орган. Сол себептен депутаттар да смартфон ұстамасын» дей салуға болар еді. Алайда, «Дей салғызбайтын» бір мәселе бар.

DALANEWS.KZ. "Инновациялық қызметті дамыту ұлттық шеңберде қалып қалмауы керек" - Дамушы елдер және ТМД елдерінің инновациялық даму тенденциялары қазіргі таңда екі параллельді бағытта жүріп жатыр. Бірінішісі бизнес құрылымдар өзіндік ғылыми базасын қалыптастырып, ҒЗИ-мен ынтымақтастығын кеңейтуге күш саласа, екінші бағытта мемлекет инновациялық құрылымын қалыптастырып, ҒТҚН коммерциялауды ынталандыру үшін эксперимент түрінде жаңа тетіктерді енгізуде.

"Бірыңғай дипломдардан бас тартамыз" - 5 жылдан соң жоғарғы білім алып шыққан жас мамандарға жоғарғы оқу орындарының жаңа үлгідегі дипломдары берілмек. Яғни 2021 жылдан бастап бірыңғай үлгідегі мемлекеттік дипломдар жойылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап, ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның ғылым-білімін қолға алған 40 күннің ішінде саланы ілгерілетуге байланысты бірқатар ұтымды ұсыныс, байыпты бастамалар көтеріп үлгерген министрдің бұл жаңалығын өнімсіз өзгерістерден қажыған сала жатырқай қоймас па екен?









7 сәуір 2016, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.