Сейсенбі, 6 желтоқсан күні Бергей РЫСҚАЛИЕВ атыраулық үкіметтік емес ұйымдарды құттықтай отырып, экологиялық ұйымдардың еңбегін ерекше атап өтті.
Әкімнің пікірінше, басқаларға қарағанда дәл осы ұйымдар белсенді жұмыс жасайды екен. «Глобус» ҮЕҰ төрайымы Галина ЧЕРНОВА құрмет грамотасымен, «Каспий табиғаты» ҮЕҰ төрағасы Махамбет ХАКИМОВ және облыс кәсіпкерлері және жұмыс берушілер Одағының төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды. Бірқатар қоғамдық ұйымдар басшыларына да құрмет грамоталары тапсырылды.
ҮЕҰ өкілдері әкімнен өздерінің бас қосуы үшін Ресурстық орталықты ұйымдастыруға ғимарат бөліп беруін өтінді. Сол жерде-ақ облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына сондай орынды іздестіру тапсырылды. Әкім сондай-ақ, келесі жылы азаматтық секторды дамытуға берілетін дотацияны екі есе көбейтуге уәде етті. Жыл сайын облыстағы үкіметтік емес ұйымдар саны өсіп келеді, сондықтан да жылға бөлінетін 19 млн теңге жеткілікті емес. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВТІҢ мәлімдемелері бойынша, бүгінгі күні облыстың азаматтық секторында 3,5 мыңнан аса адам жұмыс істейтін көрінеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарына келетін болсақ, осы кездесуге шақырылған облыстық және аудандық газет редакторларына әкім алға қарай оның атына жолданған оқырман алғыстарын жарияламауға кеңес берді:
- Сіздердің міндеттеріңіз оң нәтижеге қол жеткізу үшін біздің тарапымыздан істеліп жатқан істерді халыққа жеткізе білу... Алайда, бір ғана мақаланың өзінен газетке қарсы сотқа 15-тен аса талап арыз беруге мүмкіндік беретін басылымдар да бар. Өйткені, ондағы баяндалған фактілер еш дәлелсіз. Осындай мақалалардан соң маған депутаттар сотқа беру жөнінде ұсыныстар берген болатын, бірақ мен істің олай өрбуіне жол бермедім. Мен сынға қарсы емеспін, егер ол сындарлы болатын болса оны қолдаймын да.
Республикалық басылымдардың меншікті тілшілері мен «Ақ Жайық» газетіне алғыс хаттар тапсырылды.
Кездесу барысында аймақ басшысы Привокзальный мөлтек ауданындағы мешіт құрылысы үшін құрылған қор туралы хабарлады. Жеке тұлғалардың жәрдем садақасы есебінен 5 жыл ішінде 180 млн теңге жиналды. Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе құрылысы қаржының жетіспеушілігінен ұзақ мерзімге созылған тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату полигоны болып табылады. Ал, қала болса, әр апта сайын ескі қоқыс алаңының улы түтінімен тыныстауда.
– Депутаттардан осы шешімге қолдау көрсетулерін сұрайтын боламын. Мен бірқатар министрліктердің кінәсінен облыс бюджетінің жоспарланған 15 млрд теңгесі есептелмей қалғандығын бұдан бұрын да айтқан едім. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз оларға газ-химия кешенінің және ТШО үшінші тынысты зауытының құрылыс жобаларының кейінге қалдырылатындығы туралы ескерткен болатынбыз. Ол солай болып та шықты. Алайда, барлық басталған жобалар қалай болғанда да аяқталатындығы туралы мен бірнеше рет мәлімдеген едім. Жаңа ірі нысандар саламыз ба, жоқ па, ол әзірге белгісіз. Алдағы дағдарысты жылдың міндеті - басталған істерді аяқтау.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА