Атырау, 13 қазан 06:58
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мерекенің арқасында бостандыққа шығады

3 259 просмотра

Тәуелсіздік мерекесінің  20 жылдығына орай бекітілген рақымшылық заңына байланысты  Атырауда 445 сотталушы  бостандыққа шығуы мүмкін. 

Бұл жайлы Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жергілікті түрмелердегі жағдайға қатысты баспасөз конференциясында баяндалды.

Жалпы алғанда, облыста 1338 сотталушы жазаларын өтеу үстінде. Соның ішінде УГ-157/9 жалпы режимді колониясында - 974, УГ-157/10 қоныс колониясында - 109, УГ-157/11 әйелдерді түзеу мекемесінде – 255 адам қамауда отыр. Ал УГ-157/1 тергеу изоляторында – 190 адам отыр. Сонымен бірге аталмыш департаментке қарасты қылмыстық-атқару инспекциясы жұмыс істейді. Бұл шартты мерзімде сотталғандарды қадағалау бөлімі. Онда сотталғандар саны 614-ті құрады.

Айнұр САПАРОВА

8 желтоқсан 2011, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.