Атырау, 20 сәуір 15:57
Кешке ашық+5, түнде +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.19  € 426.63  P 5.92

Атырауда астыртын покер клубы табылды

7 желтоқсан 2011 20:43

ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қаланың кіре берісіндегі мейманханадан покер клубын тапты.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, астрахандық және оралдық трассаның қиылысында орналасқан мейманханаға жедел топ қызметкерлері сау ете түскенде құмар ойыны қызып жатқан көрінеді. Орынжайдан покер ойынына арналған 5 үстел, екі мыңдай фишка, ойын карталары және 400 мың теңге мен 300 доллардай қолма-қол ақша табылды. Барлық заттай айғақтар, соның ішінде үстелдер тәркіленіп алынды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1282 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5