Атырау, 6 мамыр 14:28
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«28 панфиловшы» жайлы құжат жариялаған басшы орнынан кетті", "«Базалық табыс» деген қайдан шыққан батпан құйрық?", "Собянин: Орыстілділер – Қазақстандағы Төртінші жүз", "Жалғыз ұлы Сирияға кеткен ана баласына барғысы келеді"

2 384 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«28 панфиловшы» жайлы құжат жариялаған басшы орнынан кетті" - 28 панфиловшы туралы аңыздың ойдан шығарылғаны жөніндегі құжаттарды жариялаған Ресей мемлекеттік архиві директоры Сергей Мироненко қызметінен алынды. Мироненко «өтірік тарих жасағысы келмейтінін» мәлімдеді.

"Сайлау дебатына қатысушылар мен көрермен пікірі әрқилы" - Саяси партиялардың сайлауалды теледебатына қатысқандар «уақыттың - тар, тақырыптың шектеулі болғанын» айтады. Ал кейбір көрермен «көңілге қонымды бір мәселе естімегеніне» наразы.

ABAI.KZ. "Eндігі жетпегені ұлыстың ұлы күнін жалаңаш тойлау еді..." - Алда келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын алматылық боди-артшылар жалаңаш тойлауды жоспарлап жатқан көрінеді. "Экспресс К" басылымының осы бір "сүйінші" ақпаратын оқып отырып, намыстан жарылып кете жаздадым. Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қайда қарап отыр деп ойладым.

QAMSHY.KZ. "«Базалық табыс» деген қайдан шыққан батпан құйрық?" - Мұндай қадамға бүгін-ертең бара қоймағанмен, Елбасының ойында бар нәрсе екен. Оны зерделеп қарау үшін үкіметке тапсырды. Жоғарыдан нұсқау берілсе үкімет тарапынан бұл істің шұғыл қолға алынып, асығыс жүзеге асырылуы да ғажап емес. Бүгінгі таңда Қазақстанда таңданатын нәрсе қалған жоқ.

"Ерлан Біләл, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры: қазіргі театр және уақыт талабы" - Қазақ өнерінің қара шаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бұл – тек театр үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін, қазақ өнері мен мәдениеті үшін үлкен рухани мереке. Бүкіл халықтың, Алаш ардақтыларының арманы жүзеге асып, қажырлы қимыл-қарекеттерінің арқасында құрылып, халық арасынан шыққан «самородок сары алтын» таланттар іргесін қалаған, өз тарихында елімен бірге дамып-өркендеген театр бүгінгі таңда да дәстүрді лайықты жалғастырып, тәуелсіз Қазақстан сахна өнерінің көшбастары болып келеді. Театр қазіргі тыныс-тіршілігі еліміздің тыныс-тіршілігімен бірегей.

DALANEWS.KZ. "Собянин: Орыстілділер – Қазақстандағы Төртінші жүз" - Еліміздегі орыстілді басылымдардың көпшілігі «ресейшіл». Бұған кезекті рет көз жеткіздік. Көзқарасы қауіпті, көп жағдайда Кремльдің астыртын саясатын жұмсартып жеткізетін ресейлік сарапшы Александр СОБЯНИНМЕН әңгімелескен «Караван» газетінің мақсаты не? Мұны төмендегі мақаланы оқысаңыз түсінесіз.

NUR.KZ. "Жалғыз ұлы Сирияға кеткен ана баласына барғысы келеді" - Ақтөбе облысының тұрғыны Сирияға кеткен ұлымен WhatsApp арқылы хабарласып отыр. Анасы баласын көру үшін Сирия шекарасындағы рұқсат етілген жерге дейін баруға дайын.

KORRESPONDENT.KZ. "Желілік маркетинг деп желіге бермеңіз" - Аялдамалардан «Жұмыс! Студенттер, декреттегі әйелдер мен зейнеткерлер үшін таптырмас мүмкіндік!», «Күніне 2 сағат уақытыңызды алатын, жеңіл жолмен оңай баюға негіз болатын жұмыс!», «Кеңсеге офис-менеджер керек, жалақысы жоғары» деген тақылеттес жарнамаларды жиі көресіз бе? Иә, бұрын хабарландыру арқылы жұмыс іздеп көрмеген адамға бұл жарнамалар жаңа әлемнің есігін ашатындай көрінетіні рас. Бірақ, сізді ойламаған жерден миллионер қылып шығаратын бұл «жебеушілер» кімдер өзі?

ZHASALASH.KZ. "Ұлыстың ұлы күні жағымпаздану – жат қылық!" - Дәстүр дегеніміздің өзі – озық үлгіні қабылдай отырып, оны әрі қарай ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып сақтау дегенді білдіретін ұғым. Олай болса, дәстүр – халықтың зияткерлік меншігі. Дәстүрінен айырылған ел де, ұлт та жер бетінен жойылып кетеді. Ондай елдің өз мемлекеті де болмайды.

"Биылғы мешiн елiмiзге өзгерiс әкеле ме?" - “Ит иесiне тартады" деген бар емес пе, сол сияқты жыл да азды-көптi, белгiлi бiр дәрежеде жылдың иесiне тартатын көрiнедi. Кейбiр бiлiмпаздардың айтуына сенсек, Мешiн жылы жағымпаздық, жалтақтық, байбаламшылдық, үргедектiк, уәдеде тұрмаушылық, ойынпаздық, алды-артын ойлап жатпай отқа қойып кетушiлiк және т.б. әдеттегiден гөрi арта түсетiн көрiнедi. Өйткенi жоғарыда аты аталған қылық-құлықтың бәрi де –маймылға тән. Маймылға етене. Ендi бiр пара болжампаздардың айтуынша, Мешiн жылы ерлi-зайыптылардың ажырасуы өзге жылдармен салыстырғанда көбiрек болатын көрiнедi. Тез айну, шұғыл жеру, тұрақсыздық – бұл да маймылға тән қылық.

QAZAQUNI.KZ. "Шекаралық ауылдардың ауыр халі – ұлттық қауіпсіздікке қатер!" - Ендігі күрделеніп тұрған шетін мәселе – шекаралық аудандардағы халықтың жағдайы. Жылдан-жылға шекаралық ауылдардағы халықтың саны кеміп барады. Жаппай көшуге бет алған бұл ауылдардағы ең басты мәселелер – инфрақұрылымның кемшілігі, жұмыссыздық пен мектептердің жабылуында. Яғни, шекарамыз шегеленгенмен, егеленген халықтың саны сиреп бара жатқаны көңілге қауіп ұялатады.






17 наурыз 2016, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.