Атырау, 26 қараша 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Путиннің партиясы жеңгенімен 15 пайыз кем дауыс жинады

2 701 просмотра
Желтоқсанның 4-і өткен Ресейдегі парламент сайлауында ресми түрде жеңімпаз партия ретінде хабарланған "Единая Россия" партиясын қолдаушылар әжептәуір кеміген болып шықты. Сонда да 49,6 пайыз дауыс алған билік партиясы мемлекеттік думаның келесі құрамындағы ең көп орынға ие саяси ұйым болып қалмақшы.

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы таратқан ресми мәліметке сәйкес Коммунистік партия 19,7 пайыз дауыс алып екінші орынға шыққан. Ымырашыл оппозициялық партия деп саналатын "Справедливая Россия" 12,9 пайызға ие болса, Владимир Жириновский бастаған ұлтшыл ЛДПР 12,1 пайыз дауыс жинап, төртінші келген.

Ресми ақпарат бойынша, қалған үш партия - Яблоко, "Правое дело" мен Ресей патриоттары партиясы думаға өту үшін қажетті 7 пайыздық межеге жете алмаған.

Сайлау күні мемлекеттік телеарналардан тікелей эфирде бірге көрініп, сөз сөйлеген Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путин сайлау нәтижелеріне қатысты еш абыржымаған түр көрсетті.

"Осы нәтижелерге сүйене отырып, еліміздегі тұрақты дамуды қамтамасыз етеміз" деді Владимир Путин.

Ресми түрде "Единая Россияның" сайлау тізімін бастап шыққан Дмитрий Медведев келесі жылы үкіметке басшы болмақшы. Ол Ресейде өткен парламент сайлауына "іс жүзінде көрінген демократия" деген баға берді.

Мәскеудің орталығында полиция сайлау нәтижелеріне қарсы шыққан ондаған наразы белсенділерді қамауға алды.

www.azattyq.org/archive/news/20111205/330/330.html

5 желтоқсан 2011, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.