Атырау, 23 қараша 16:59
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ағылшынша сайрағың келсе...

6 971 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл СҰЛТАНҒҰБИЕВА ағылшын тілін оқытуда төңкеріс жасауды ұсынады. Сол үшін ол Шотландияға баратын ақша жинап, ол жақтан қажетті материалдарды, оның ішінде бастысы - адамға әлдебір сөздік қорды игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, ағылшын тілінде сайрауға үйрететін оқыту әдістемесін алып келді.

«Қазір көптеген адамдар ағылшын тілін оқып жатыр, алайда, олардың көпшілігі бірнеше жыл оқығаннан кейін де сөйлесуге шорқақ болып жатады. Тілді түсінуін түсінеді, бірақ одан әріге бара алмайды, - дейді А.Сұлтанғұбиева. – Және оның мәнісі оқушыда емес, оқыту әдістемесінде. Қазір берілетін тапсырмалардың барлығы біртектес: мәтінді оқу, аударма жасау, жаңа сөздерді есте сақтау, мәтін бойынша жаттығулар орындау. Кейде шығарма мен диктанттар және оған қосымша демалыс ретінде фонетикалық оқулар жүргізіледі. Тілді үйрену барысында басымдық бағыт оқыту мен жаттығу  орындауға берілсе, онда тек тілдің бір ғана қызметі – ақпараттандыру жүзеге асырылады.

- Жаңа әдістің қандай ерекшелігі бар?

-Эдинбургте өткен семинарда біз негізінен сөйлесу тәжірибесіне бағытталған коммуникативті әдісті оқып үйрендік. Менен басқа бұл әдіспен Германиядан, Грециядан және Түркия мен Франциядан, Венгрия, Испания, Польша мен Ресейден келген ұстаздар да оқып, танысты. Коммуникативті әдіс бірінші кезекте адамды сөйлесу алдындағы қорқыныштан құтқаруға негізделген. Грамматикалық құрылымдардың стандартты жиынтығымен және 600-1000 сөзден тұратын сөздік қорымен қаруланған адам өзінің ағылшын тілді әңгімелесушісімен оп-оңай тілдесе алады. Барлық қабылдау кешендері студенттер үшін ағылшын тілді ортаны құруға мүмкіндік береді: оқу, сөйлесу, рөлдік ойындарға қатысу, өз ойларын айту және одан қорытынды жасауға жол ашады. Өз ісіне салғырт қарамайтын мұғалімдерді мен 12 желтоқсан күні сағат 10-да Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжде (Балықшы бағытындағы «Нарсуд» аялдамасы) болатын тегін семинарға шақырамын.

Анастасия ПАСТУХОВА

1 желтоқсан 2011, 18:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.