Атырау, 5 қараша 04:00
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Мектептердегі гепатит және санэпидстансаның жалған сөзі

2 417 просмотра

22 қарашада қалалық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметкерлері қаладағы оқу орындарының басшылары мен медицина қызметкерлерімен кездесті. Бірнеше мектептің оқушылары арасындағы вирусты гепатитке шалдығу оқиғалары талқыланды.

Мектептердің, балабақша басшылары мен медицина қызметкерлерінен буфеттердің, асханалар мен әжетханалардың санитарлық жағдайларына ерекше көңіл бөлу сұралды. Сенбі күні вирусты гепатит анықталған мектептерде мұқият залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін сабақтар өткізілмейтін болды.

Ал қалалық басқарма мен облыстық санитарлық қадағалау департаментіндегілер мектептерде гепатиттің анықталғандығын үзілді-кесілді теріске шығарып отыр. Бұған қатысты кеңес болып өткенін де жоққа шығарды. Неге өтірік айтады екен? Облыстық балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында қазір ол жерде вирусты А гепатитінен 14 жасқа дейінгі бес бала және 14 жастан жоғары алты жасөспірімнің емделіп жатқанын айтты. Ал ересектерді қоса санағанда вирусты гепатитке шалдыққандар саны 17 адамды құрайды екен.

Науқастардың жағдайын дәрігерлер «орташа ауырлықта» деп бағалап отыр. Сондай-ақ, мекен-жай бойынша емхана дәрігерлері науқастардың отбасы мүшелерінің барлығын тексеруден өткізетіндігі белгілі болды.

Анастасия ПАСТУХОВА

 

«АЖ»АНЫҚТАМАСЫ

А гепатиті, немесе Боткин ауруы –вирусты гепатиттің анағұрлым белең алған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (заладанғаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады.

Ауру әдетте жоғары температурамен басталады, кейбір белгілері тұмауға ұқсайды. 2-4 күн өткеннен кейін науқастың зәрі сыраның немесе қою шәйдің түріндей болып қоңырланады. Ал ұлы дәреті, керісінше, түссіз боп кетеді. Содан кейін дене сарғая бастайды. Оның пайда болуымен науқастың жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы бір жұмадан 1,5-2 айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келу уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

А гепатитінің өзіндік таралу жолдары – тұрмыстағы адамдар арасындағы қарым-қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен суды қолдану. Сонымен бірге лас қол арқалы берілетіндіктен, А гепатитімен көбінесе балалар ауырады. А гепатитінің алдын алудағы негізгі шара - гигиеналық нормаларды сақтау. Сонымен қатар, балаларға вакцинация жасауды ұсынылады.

29 қараша 2011, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.