Бүгінгі таңға дейін ғалымдарға белгісіз болып келген ежелгі Римнің ірі қонысы археология саласы үшін үлкен жаңалық болып табылады. Тарихи мұра Ипанияның оңтүстігіндегі Андалусиядан, нақтырақ айтқанда, Химена де ла Фронтера қалашығынан табылған, деп хабарлайды ВВС.
Ежелгі Рим шаһары жергілікті халықтың басты тарихи ескерткіші, араб әмірлігі кезінде салынған біздің дәуірімізге дейінгі VIII ғасырдағы мавритандық қамалдың түбінен табылды. Ең қызығы, бұл жаңалық 10 жыл бұрын белгілі болған. Алайда археологтар қазу жұмыстарын жақында ғана бастады, деп хабарлайды vesti.ru.
Химена де ла Фронтера – таудай тарихы бар шағын ғана қала. Сонау біздің заманымызға дейінгі жетінші ғасырдан бастап бұл жерді финикиялықтар, иберлер, карфагендіктер мен Рим халқы қоныс қылған.
Ал біздің ғасырдан бастап қала британ ардагерлерінің сүйікті мекеніне айналған. Жайлы атмосфераны ұнататын ағылшындар бірден демографиялық көрсеткішті өсіріп жіберді. Мәселен, 2000 жылы тұрғындар саны 2 мыңнан 10 мыңға дейін ұлғайды.
Қалаға келушілердің ішінде танымал британдық археолог Хэмо Сассун да болған. Мавритандық қамалдың бойымен серуен құрған 80 жастағы ғалым аталмыш нысан арабтардан бұрын ежелгі Рим құрылысының сипаттарына жақынырақ екенін байқаған. 2004 жылы көз жұмғанға дейін археолог ерікті түрде қамалды зерттеп, мағлұматтарды испан ғалымдары мен жергілікті билік өкілдеріне беріп отырған. Химена де ла Фронтера қазба жұмыстарын үйлестірушісі Хуан Мигель Пахуэлонің айтуынша, бұл рухани байлыққа британдық ардагер қырағылының арқасында қол жеткізіп отырмыз.
«Бір қарағанда 19 ғасырда сәл өзгертілген қарапайым Араб қамалы екендігіне күмәнданбайсыз. Ал тарихи ескерткішке үңіле қарасаңыз, ежелгі Рим қалаларына тән өзгеше сипаттарды көруге болады»,- деді экспедиция жетекшісі Мигель Анхель Табалес.
Қолда бар зерттеулерге сүйенсек, ежелгі шаһар жергілікті мекеннің топографиялық ерекшеліктеріне орай құралған.
Дереккөз: bnews.kz
5 қаңтар 2016, 17:56