Атырау, 7 мамыр 01:28
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Сотта неліктен Қанахметовтің ақталғаны айтылды

2 782 просмотра

Image 07 желтоқсанда брифингте №2 қалалық соттың судьясы Гүлжиян МҮТИЕВА өзі сотта жүргізген «алтын Мерседес» қожайынына қатысты қылмыстық іс бойынша анықтаманы жария етті.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, істі сот тек прокурор қолдайтын айыптау шеңберінде ғана қарайды, - деді судья. – Сот отырысының барысында ҚР ҚК-нің 214-бабының 2-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан заңсыз кәсiпкерлiк») және 217-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру») бойынша прокурорлардың бастамасымен Жеңіс ҚАНАХМЕТОВКЕ тағылған айып 1997 жылғы редакциядағы ҚК-тің 182-бабы 2-тармағы «б» тармақшасына өзгертілді. Мұнда прокурорлар сотқа дейінгі тергеу органдары Қанахметовтің әрекетінде жеткілікті мөлшерде қаржы пирамидасын құру белгілері болғанын және заңсыз банк қызметімен айналысқанын дәлелдей алмағанын көрсетіп, 1997 жылғы редакциядағы ҚК-тің 182-бабының 2-тармағының «б» тармақшасы бойынша оған бас бостандығын айырумен байланысты емес жаза тағайындауды өтінді (Осы бап бойынша жаза 800 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлды немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады – З.И.).

Г. Мүтиева сонымен қатар, айыптау сот отырысына қатысқан зардап шегушілердің қолдауымен өзгертілгенін айтты. Сондықтан сот істі жаңа айыптау бойынша қарастырды. Прокурорлар зардап шегушілерге 83 686 513 теңге сомада мүліктік зиян тигізілді деген айыптауды қолдады. Алайда сот отырысы барысында зиян тизілгендігі расталмады.

Басты сот отырысы барысында өткілген зардап шегушілердің электронды есепшоттарын (аккаунттарды) тексеру бойынша тергеу сараптамасы зардап шегушілердің аккаунттарында қомақты сомалар бар екендігін растады. Зардап шегушілерге ақшалар банктік есепшоттарға, Qiwi-әмияндарға аударылған, байланыс қызметтері төленген. Сондықтан сот (экономикалық және компьютерлік бағдаралар боййынша) кешенді сараптама тағайындап, ол зардап шегушілердің аккаунттарында 127 млн теңгеден астам сомада ақшалай қаржы бар екендігін анықтады. Бұдан басқа, 26 956 595 теңгені зардап шегушілердің өздері есепшоттарынан түсіріп алған.

Qiwi әмияндар телефон нөмірі бойынша ашылады. Қанахметов телефон қожайындарының келісімінсіз өзгерістер енгізе алмайды. Playtcoin ЖШС-нің компьютерлік сайты жұмыс істеген жағдайда зардап шегушілердің өз ақшаларын қолма-қол ақшамен түсіруге мүмкіндіктері бар. Зардап шегушілердің электронды есепшоттарынан26 956 595 теңгені зардап шегушілердің өздерінің түсіріп алғандығы туралы сараптама дәлелдері, сондай-ақ зардап шегушілердің аккаунттарында барлығы 127 млн теңгенің болуы олардың ЖШС-не қатысу үлесімен пайда алғандарын білдіреді және зардап шегушілерге мүліктік зиян тигізу туралы айыптау дәлелдерін теріске шығарады, - деді Г.Мүтиева. – Осыған байланысты сот Қанахметовтің қызметінен зардап шегушілерге мүліктік зиян тигізілмеген, керісінше, зардап шегушілер салған ақшалай қаржылар сомасы электронды бизнес нәтижесінде көбейген деген тұжырымға келді. 83 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаржы Қанахметовтің иелігіне түспеген және оның иелігіне түсуге тиіс емес. Өйткені, сараптамаға сәйкес, Қанахметов аккаунт қожайындарының келісімінсіз оған өзгерістер енгізе алмайды. Осы негізде сот ақтау үкімін шығарды. Ол әлі заңды күшіне енген жоқ.

Неліктен адымен Қанахметов жаңа ҚК-тің баптары бойынша айыпталып, кейіннен оны заңның ескі редакциясындағы 182-бап бойынша айыптады деген «АЖ» сұрағына жауап бере отырып, Гүлжиян Мүтиева прокуратура осылай етуді талап етті, өйткені бұл іс-әрекет ескі ҚК қолданыста болған кезде 2014 жылы жасалған деп жауап берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 желтоқсан 2015, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.