Атырау, 28 қараша 07:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстандық банктер ипотеканы қайта қаржыландыру бойынша 11 мыңнан аса өтініш қабылдады

2 816 просмотра

Қазақстандық банктер ипотеканы қайта қаржыландыру бойынша 11 мыңнан аса өтініш қабылдады. Олардың 6 мыңы оң қолдау тапты, 3500 өтініш бойынша зайымдар қайта қаржыландырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2015 жылғы 11 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды», - деп көрсетілген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысында Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 130,0 млрд. теңге бөлді.

Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бекітілген болатын. Оған сәйкес, қарыз алушылардың кепілге берілген жалғыз тұрғын үйін сақтау, қарызды өтеуде қарыз алушылардың ең көп санына жәрдемдесу және проблемалық кредиттердің үлесін төмендету көзделген. Атап айтқанда, Бағдарлама: қамтамасыз етілуі қарыз алушының/кепіл берушінің жалғыз тұрғын үйі (жер учаскесі) болып табылатын 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 36,5 млн. теңгеден аспайтын сомада негізгі борышы бойынша берешек қалдығымен 2004 -2006 жылдардағы кезеңде берілген ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды; шетел валютасындағы қарыздарды теңгеге аударуды; жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша капиталдандырылған сомаларды шегере отырып қарыз бойынша негізгі борышты қайта қаржыландыруды; банктердің қайта қаржыландырылған қарыз бойынша қарыз алушының сыйақысы, комиссиялары, тұрақсыздық айыбы бойынша қалыптасқан берешегін кешіруді; банктердің қайта қаржыландырылған қарыздарға байланысты комиссияларды, алымдарды және өзге де төлемдерді алуына тыйым салу – сынды мақсаттарды көздейді.

Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 156 қаулысымен Бағдарлама енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушылар қарызды қайта қаржыландыру кезінде арыз талап өтініштерін бергенде банктер бұрын төлеген мемлекеттік баж сомасын төлеу міндетінен босатылады.

«Берешекті өндіріп алу туралы сот актілері жоқ проблемалық валюталық қарыздар (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем мерзімі 90 күннен аса өткізілген) 2015 жылғы 18 тамызда белгіленген Ұлттық Банктің ресми бағамы (1 доллар үшін 188,35 теңге) бойынша қайта қаржыландырылады. Сот актісі бар қарыз бойынша қайта қаржыландырылатын сома сот актісі шығарылған күніндегі Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша айқындалады», - деп нақтылады Банк мамандары.

Сонымен бірге, тараптардың келісуі бойынша тұрғын үйі (жер телімі) банктің немесе ипотекалық ұйымның, оның ішінде уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның балансына қабылданған қарыз алушылардың кредиттерін қайта қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған.

2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер Бағдарлама шегінде қарыздарды қайта қаржыландыруға 11 мың өтінім қабылдады, оның ішінде 6 мың өтінім бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылданды, 3 500 өтінім бойынша қарыздар қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес, бөлінген ақшаны игеру кезеңі «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың банкте салымды орналастыру күнінен бастап 9 айды құрайды. Ақша банктерде ағымдағы жылғы маусым-шілдеде орналастырылды, тиісінше, игеру кезеңі 2016 жылғы наурыз-сәуірде аяқталады. Осы орайда қарыз алушылар банктерге қарыздарын қайта қаржыландыру үшін өтініштерін және құжаттарын беруді жеделдетуі қажет.

Бағдарламаны іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес облыстық әкімдіктерде, Астана қаласының әкімдігінде, Ұлттық Банктің Алматы облыстық Алматы қалалық филиалдарында қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қыздарын қайта қаржыландырудан алынған бас тартуларға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі Комиссия құрылды, оның құрамына Ұлттық Банктің, құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді.

Комиссиялар туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтынан алуға болады.

Дереккөз: bnews.kz

9 қараша 2015, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.