Атырау, 28 сәуір 12:36
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Камера хикаясы-2

3 799 просмотра

14 қазанда Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «2201 Г әскери бөлімі» ММ-нің әлеуметтік желілер мен БАҚ-та үлкен резонанс тудырған видеодағы шекарашы әйелдердің талап-арызы бойынша соттың шешіміне қарсы шағымын қарастырды Камера хикасы» жарияланымын қараңыз).

Еске салайық, бақылау камералары Шекара қызметінің формасын киген әскери қызметтегі екі әйелдің сүйісіп тұрғанын түсіріп алған болатын. Күзет мекемелерінің бірінің қызметкерлері бұл көріністі ұялы телефонына жазып алып, әлеуметтік желілерге таратып жіберген еді. 2015 жылдың 5 мамырында жазылған ролик ғаламторда тез таралды. 6 мамырда гарнизон басшылығы шекарашыларды еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерін өтеу үшін демалысқа жіберіп, кейін ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 бабы бұзылды деген желеумен жұмыстан шығарған. Негіз: әскери қызметшінің дәлелді себепсіз үш сағат және одан да көп сағат жұмыс орнында болмауы. Жұмыстан шығарылғандар бұл шешіммен келіспей, өз басшылығына қарсы талап-арыз бойынша сотта жеңіп шықты. 27 тамызда Атырау қалалық соты заңсыз жұмыстан шығарылғандарды қызметке қайта алып, атақтарын қайтару, еріксіз жұмыста болмаған уақыттарындағы еңбекақысын төлеу және әрқайсысына 30 мың теңге мөлшерінде тигізілген моральдық зиянды өтеу туралы қаулы шығарды.

Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы бірінші инстанциядағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, жауапкердің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осылайша, іс бойынша шығарылған шешім заңды күшіне енді. Сонымен қатар облыстық соттың апелляциялық алқасы талап-арыз берушілердің адвокаты Аслан ЖОЛБОЛОВТЫҢ сотқа 2201 «Г» әскери бөлімшесі ұсынған дәлелдердің жалған екендігі туралы және адвокаттың пікірінше, жалған және қайшы түсініктеме берген куәгерлерді жауапкершілікке тарту туралы өтініштері бойынша мәселелерді шешті. Сот жеке ұйғарым шығарып, ол Батыс өңірінің Әскери прокурорына жолданды. Сонымен қатар сот 2201 «Г» әскери бөлімшесінің басшылығына қатысты екінші жеке ұйғарым шығарды. Ол ҚР ӘҚ Тәртіптік жарғысының заңдылығын және талаптарын бұзу фактісі бойынша ҚР Шекара қызметінің Өңірлік басшылығына жолданады.

- Әскери бөлімшенің куәгерлік көрсеткен қызметкерлері мен басшыларын сотқа көрінеу жалған түсінік бергендері үшін, сонымен қатар 2201 «Г» әскери бөлімшесінің басшылығын сотқа жалған дәлелдер ұсынғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы менің өтінішім қанағаттандырылды. Апелляциялық сот бөлімше басшылығының және оның өкілдерінің осындай заңсыз әрекеттері, сонымен қатар жалған куәлік беру қазақстандық сот өндірісінде жол берілмейтін әрекеттер екенін атап өтті, - дейді А.Жолболов. – Ары қарай не болады? Әскери прокурор соттың жеке ұйғарымы түскен соң барлық куәгерлерге қатысты материалдарды жинақтап, жазбаша ұсыныспен бірге жоғарыда көрсетілген тұлғаларды заңда көрсетілген жауапқа тарту үшін әскери полицияға жолдауға міндетті. Өз кезегінде әскери полиция әскери прокурордың осы өтінішін бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркеп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 420 бабының («Куәгердің сотта көрінеу жалған айғақ беруі») белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу процедураларын жүргізуі керек. Сонымен бірге ҚР ҚК 416-бабы 1-бөлімі бойынша («Азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді іске қатысушы адамның немесе оның өкілінің бұрмалауы») 2201 «Г» әскери бөлімі басшылығы әрекетінің біліктілігі туралы мәселе қаралуы керек, себебі, әскери бөлімшенің басшылығы мен өкілдері қызметтік тергеудің жалған материалдарын дайындап, оны сотқа ұсынған. Сонымен қатар, әскери қызметкерлердің әрекеттерінде ҚР ҚК 450-бабы («Билікті теріс пайдалану») қарастыратын қылмыс құрамын көруге болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 қазан 2015, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.