Атырау, 25 қараша 22:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ирак үкіметі аптап ыстыққа байланысты төрт күндік демалыс жариялады

1 378 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак үкіметі елде рекордтық 50 градус аптап ыстықтың орнауына байланысты ресми түрде төрт күндік демалыс жариялады.

Бұл туралы жергілікті БАҚ көздеріне сілтеме жасаған Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлайды.

Демалыс бейсенбі күні басталады. Бұл елдің билік көздерінің бір айдың ішінде жоғары ауа температурасы салдарынан жариялап отырған екінші жағдай. Бұған дейін жұрт 16 шілде күні жұмыстан босатылды: сол күні банктер мен құқық қорғау органдарынан басқа барлық мемлекеттік мекемелер үшін демалыс жарияланған.

Аптап ыстық Ирак үшін қалыпты жағдай болып табылады, бұл ретте электр жарығы мен судың жиі өшірілуі жергілікті тұрғындардың тіршілігін қиындатып, түрлі мекемелердің қызметіне кері әсерін тигізіп отырады.

Дереккөз: inform.kz

30 шілде 2015, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.