Бостондағы теракт туралы фильмінің басты роліне актер таңдалды, - деп хабарлайды Variety.com.
Бұл рольге актер Джейк Джилленхол қарастырылып отыр. Дереккөздің мәліметінше, Джилленхол Lionsgate студиясымен келіссөздер жүргізу үстінде. Ол Бостондағы теракттан кейін екі аяғынан айырылған Джефф Бауманды сомдайды.
Картина продюсерлерінің тағы да бірнеше киноактермен кездескені хабарланып отыр, солайша, олардың ішінде бұл рольге Джейк Джилленхолдың таңдалуы мүмкін екендігі айтылады. Фильмнің оқиғасы Бауман мен Брет Виттердің кітабының желісі бойынша өріледі. Жарылыстан зардап шеккен ер адамның суреті Бостондағы теракт кезінде түсірілген суреттердің ішінде ең көп таралған еді. Ол келесі күні оянып, сөйлей алмай қалғанын түсінген кезде қағаз бен қалам сұрап, "Мен бір жігітті көрдім, ол дәл алдымда тұрды" деп жазды. Оның берген жауабы арқылы құқық қорғау органдары Джохар Царнаевты ұстауға мүмкіндік берді.
Еске салайық, Осы жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кесті. Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.
Дереккөз: tengrinews.kz