Атырау, 28 қараша 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ҰБТ балалар көзімен

5 832 просмотра

Image 1120 балл жинаған Досмұхамбетов атындағы лицейді бітірген Нұрай НҰРЫМЖАНОВА
Осы бір үш әріп 11 жылдан бері әр жаз сайын жүз мыңдаған бала мен олардың ата-аналарын естен тандырады. Бұл жылдар ішінде министрлер, психологтар, журналистер мен басқа да көптеген сарапшылар өз пікірлерін білдірді. Ал, бұл туралы балалардың өздерінен сұрауды ұмытты.

«МЕН ӨЗІМЕ СЕНДІМ»

ҰБТ сондай қорқынышты ма, оған қалай дайындалу керек, ересек өмірге деген алғашқы салмақты сынақтан қалай өтуге болады және неліктен кейбіреулердің одан қатты қорқатыны сондай, өздеріне қол жұмсайды деген сұрақтарға күні кеше ғана мектеппен қоштасқан бозбала мен бойжеткендер жауап беруге тырысты.

Ұлттық тест тапсырудың ерекшелігін біз бірнеше түлекпен талқыға салған едік. Бір қызығы, өту межесі – 50 балл жинағандардың барлығы еш қорқыныш болмағанын бірауыздан растайды.

Өз пікірімен биылғы жылы 120 балл жинаған Досмұхамбетов атындағы лицейді бітірген облыс чемпионы Нұрай НҰРЫМЖАНОВА бөлісті. Ол ҚБТУ грантымен «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім алуға үміт артып отыр. Нұрайдың айтуынша, ол өз бетімен өте мұқият дайындалған және ҰБТ дайындайтын білім беру орталығына барған:

– Мен үнемі жақсы оқитынмын. Алдыңғы жылдары ҰБТ тапсырған үлкендердің кеңесі бойынша, кітапханаға барып, 5-сыныптан бастап бүкіл тақырыпты қайталап оқып шықтым. Әсіресе, басқа пәндерге қарағанда сенімсіздеу тарих пәнін қайталадым. Қазақстан тарихы бойынша олқылықтарымды білім беру орталығында түзеудің көп көмегі тиді. Тестілеу күні қорқыныш та, абыржу да болған жоқ. Мен өзіме сендім. Өйткені, барлық сынама тестілерде бүкіл пән бойынша жоғары нәтижелер жинаған едім.

– Қалай ойлайсың, неліктен көпшілігі тестілеуден қорқады, тіпті, өздеріне қол салуға даяр болады?

– Меніңше, лайықты түрде дайындалмағандар, сырттан көмек күтетіндер қорқады. Бәлкім, психологиялық тұрғыда әлсіз болып, масқара болудан, ата-ана мен мұғалімдердің үмітін ақтамаудан қорқатын шығар. Білмеймін, мен жай солай ойлаймын. Бірақ бірінші себебі – жеткіліксіз дайындалып, шпаргалкаға, телефонға үміттенгеннен.

– Келесі жылы ҰБТ тапсыратындарға бірер кеңес берерсің?

– Қорықпай, тек өзіңе ғана сеніп, дұрыс дайындалуға кеңес беремін. Әр адам өз күші мен қабілетін өзі біледі. Егер сенімсіз болса, қазірден бастап дайындала беруге болады.


«ЖЫЛАП ТҰРҒАНДАРДЫ КӨРДІМ»

Дәулет ТОҚСАНБАЕВ облыстық дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияны бітіріп, 118 балл жинады. Дәулет мектеп бағдарламасының шеңберінде әзірленген:

– Мен әрдайым жақсы оқыдым, ҰБТ-ға өзім дайындалдым. Қосымша сабақтар немесе репетиторлар болған жоқ, біздің мұғалімдер көмектесті.

Image 0Дәулет ТОҚСАНБАЕВ – Тапсыру ауыр ма екен?

– Тест жүріп жатқан кезде қиын болып көрінді. Күмән болды, тіпті, аздап қорқыныш та болды. Бірақ мен міндетті түрде тапсырамын деген сеніммен бардым. Аудиториядан шыққан кезде үлкен жеңілдікті сезіндім. Өзімнің жеңісіме сенімді болдым, оңай сұрақтар келді. Оқып, дайындалған адамға ҰБТ тапсыру көп қиын емес.

ҚТЛ түлегі Нұрғабыл ХОЯШОВ 116 балл жинады. Тестілеуге дейін ол Назарбаев Университетіне түсу емтиханын жақсы тапсырған, тест тапсырғаннан кейін бірден оқуға қабылданғаны туралы хабарлама алған. Ол қазір бақытты талапкер. Қазақ-түрік лицейінде дайындалып, қосымша үш ай ҰБТ дайындайтын білім беру орталығына барған. Оның да жолы болған:

– Сұрақтардың барлығы қиын болмады. Дайындалған сұрақтарым келді, тек Қазақстан тарихынан жаңа сұрақ тап келді (тәжірибеге сүйенсек, жыл сайын ҰБТ бойынша сұрақтар кітабы 30 пайызға дейін жаңа әзірленген сұрақтармен толығады – З.Б.). Қазақстан стратегиясы-2050 бойынша. Оның жауабы кітапта болмады. Мен оған жауап бермедім.

– Қорықтың ба?

– ҰБТ сондай қиын сынақ емес. Бірақ үш сағат болашағыңды, тағдырыңды шешу үшін аз секілді. Сондықтан да күйзеліс көп. Кейбіреулер уайымнан ойға түсіп кетеді. Маған моральдық қолдау мен тәжірибе көмектесті. Өйткені, мен олимпиадаларға қатыстым, Назарбаев Университетіне түсу емтихандарын тапсырдым. Қазан айында IELTS (ағылшын тілінен тест), ал наурызда физика мен математикадан емтихандар тапсырдым. Сондықтан мен соншалықты толқуды сезінген жоқпын, бірақ келесі күні өту балын жинай алмай жылаған балаларды көрдім. Биыл нәтижелер фамилиялар бойынша ілінген жоқ. Тапсырушыларға нөмір берілді, әрқайсысы тек өзінің нөмірін білетін. Бұл жақсы, әйтпесе, таныстар оқып білсе, қорлық болар еді. Нөмір бергендері жақсы болды.


«МЕН ЕМТИХАНДЫ ТАҢДАР ЕМ»

Image 2Нұрғабыл ХОЯШОВ Ұқыптылық пен табандылық қана жақсы нәтиже әкелмейді. Жолы болушылық та рөл атқарады. Бұл түлектерден сәттілік сырт айналған. Қазақ тілді мектепті бітірген түлек У. жылдар бойына жақсы оқыған және басқа балалар секілді ҰБТ дайындайтын сол орталыққа барған. Бірақ жалпы 71 баллды жинаған – орыс тілі бойынша жинаған 11 баллды шегеріп тастағаннан кейін 60 балл қалады. Жалпы, жаман емес (өту межесі - 50 балл), бірақ ол барғысы келген медицина академиясына түсу үшін жеткіліксіз.

– Ол жерге 65 балл керек. Менің балыммен психологқа, ветеринарға немесе экологқа барып оқу керек, бірақ мен оларды қаламаймын. Астраханға коммерциялық бөлімге барамын.

– Неден сүрініп қалдың?

– Бәрі дұрыс, негізінен, таныс сұрақтар болды, – деп күрсінді бала. – Бірақ орыс және қазақ тілдері бойынша сұрақтар қиын болды. Менің сыныптастарым да солай дейді. Содан кейін мұғалімдер айтқандай, биологиядан 30 пайыз жаңа сұрақтар болды.

– Сеніңше қайсысын тапсыру оңайырақ: ҰБТ ма, әлде емтихан ба?

– ҰБТ тапсыру іс жүзінде оңайырақ деп есептеп келдім және абыржып, қорыққан емеспін. Тек біздің болашағымыз осы тестіге байланысты болады, осыдан келіп жүйке сыр береді. Әсіресе, қыздар қорқады. Сұрақтар қатарынан бес пән бойынша келгендіктен жауап беру қиынға соғады.

- Өміріңді қиятындай қорқынышты болғаны ма?

– Суицидке ата-аналарының көңілдерін қалдырудан немесе ренжітуден қорқатындар немесе оқыту үшін ата-анасын қарызға кіргізгісі келмейтін, бірақ грантқа жетпегендер баратын секілді.

Таныстарымның қызы А.-ның ҰБТ межесінен өте алмағандығы туралы жаңалық бәрімізді таң қалдырды. Ол үнемі жақсы оқитын, оның спорттағы табыстары да айтарлықтай. Қыз жүйелі, тәртіпті болатын. Бірақ оның өту межесіне 4 баллы жетпей қалыпты.

– Неге тапсыра алмай қалдың?

– Өте күрделі сұрақтар келді. 25-тен тек дайындалған 4 сұрағым ғана келді. Бүкіл сынама тестілерімді жақсы тапсырған едім.

– Сен қайсысын қалар едің: ҰБТ-ны ма, әлде емтиханды ма?

– Мен емтиханды қалар едім. Ешқашан арнайы дайындалған емеспін, мектеп бағдарламасын жақсы білетінмін. Тапсыру үшін сол маған жеткілікті болатын.

Осы бес түлектің жауаптарына қарағанда, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұсынысы негізсіз емес. Бірыңғай тестілеуден кейін ол ҚР БҒМ-не осы мәселенің реформасы жөнінде бірқатар ұсыныс жолдаған еді. Атап айтқанда, ол оқушыларға биыл тестілеуден қайтадан өтуге рұқсат беруді және жалпы білімді тексеруді бірнеше кезеңге бөлуді, сондай-ақ, сұрақтар базасын жаңа тапсырмалармен қоса толықтай ашық етуді ұсынады.


ОЛАР ЖАУАПТАРЫН САТЫП АЛҒАН БА?

Тестілеуді мектеп қабырғасынан тыс жерде өткізу идеясы - формальды түрде адам факторын және «келісіммен» емтихан тапсыру мүмкіндігін жоятындығымен тартады. Алайда ҰБТ форматы сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға қабілетті емес, деп есептейді көпшілігі. Желіде әлдебір «көмекшілердің» 5-10 мың доллар сыйақыға балалардың болашағы үшін кепілдік беретіндігі туралы бірнеше посттар бар. Сұрақ қойған бірнеше оқушының жауаптары осындай ықтималдылықты жанама түрде растайды:

- Менің жанымда отырған қыз үш сағат бойына ештеңе жазбады, мүлдем, - дейді балалардың бірі. – Меніңше, ол өзіне жауаптар әкеледі деп күткен сияқты. Кетер кезде біздің аудиторияда екі қызды: біреуі менің жанымда отырған қызды және тағы бір қызды қалдырғанын өзім көрдім. Біздің соңымыздан есікті жауып алды, ал олар ішінде қалды. Мен «неге?» деп сұрағанымда, біреулер: олар жауаптарын сатып алған деді.

Ал, ҰБТ менің ойымша, білім беру сапасын анағұрлым объективті көрсетеді. Біздің түлектер арасында (тіпті, дарынды балаларға арналған мектепте) 2-3 балл жинағандар бар. Яғни, олар 100-дің 10 пайызынан азына дұрыс жауап берген. Меніңше, бұл орта мектептегі білім беру саласының қасіреті сияқты. Тіпті, кездейсоқ жауап беру әдісімен де анағұрлым көп балл жинауға болады ғой. Бірақ мен мұны бекерге айтып отырғаным жоқ. Мен бірде университетке түсу үшін кейін ҰБТ-ға айналған тестілеуден өткен едім. Форматы бірдей болатын: 5 пән бойынша бірнеше ондаған сұрақ болды. Сол кезде мен жұмыс жасап жүрдім, мектепті тура 10 жыл бұрын бітірген едім. Қызыл дипломмен бітірдім деп те айтпаймын. Тестілеуге пикникке бара жатып кірдім. Мен жауаптарды белгілеп отырған кезде достарым университет алдындағы отырғышта шулап күтіп отырған болатын. Сондықтан алдын ала дайындалған да емеспін. Тестілеу форматы мен үшін керемет болып көрінді, өйткені, сұраққа жауаптар нұсқасы беріледі. Мен өзім сенімді болғандардың немесе есімде қалғандардың, немесе жорамалдағандарымның барлығына белгі қойып шықтым. Мектепте жақсы оқымаған пәндерім бойынша нұсқаларды іріктеу әдісімен, ал мүлдем түсінбеген сұрақтарымды санамақтың көмегімен белгіледім... Нәтижесінде межелі 60 баллдан 84 балл жинадым. Сөйтіп, қызыққан факультетіме грант бойынша түсе алатын едім. Бірақ жоғары білімім бар болғандықтан мені мұндай құқықтан айырды. Әрине, ол тест мен үшін маңызды емес еді және жалпы осы операцияның бәрі авантюра болатын. Мен өз болашағым үшін кешегі түлектер секілді уайымдамадым, дегенмен де, біздің қазіргі білім беру саласының көңілді көншітпейтіндігі анық.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.