Атырау, 28 қараша 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенін неліктен байқамай қалдық?

3 714 просмотра

Image 0Қазақстан 20 жылдай уақыт келіссөз жүргізгеннен кейін ресми түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі болып, 162-ші ДСҰ-ға қатысушы ел атанды.

Қазақстанмен ұзақ жүргізілген келіссөздерді ДСҰ жұмыс тобының мүшелері ұйымның 20 жылдық тарихындағы «ең күрделі келіссөздердің бірі» ретінде сипаттаған. Қазақстан 1996 жылдың қаңтарынан бері ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болуға әрекеттеніп келеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ҚР президенті Н.Назарбаев тарихи оқиға деп атады.

«Қазақстан ДСҰ-ның 162-ші мүшесі болады. Әлемдегі экономикасы дамыған елдердің бәрі Қазақстанды инвестициялық климаты қолайлы, сауда-саттық саясатын халықаралық талаптарға сай жүргізетін ел ретінде мойындады, - деді ол кешегі Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде біздің сауда-саттығымыздың 90 пайызы ДСҰ-на мүше мемлекеттермен жасалады. Сондықтан бұл шешімнің біз үшін маңызы зор. Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін де, отандық инвесторлар үшін де тартымды елге айналып келеді. Біз жаңа өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алып отырмыз».

Біз сарапшылардан Қазақстанның осы ұйымға кірудегі артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әңгімелеп беруін өтінген едік.

Экономист Петр СВОИК:

Image 1

- ДСҰ-на кіргеннен Қазақстанға келіп-кетер ештеңе жоқ, өйткені біздің осы ұйымға іс жүзіндегі қатысымыз бірнеше жыл бұрын басталған еді. Қазір бұл көптен бері бар нәрсені формальды түрде көрсету ғана. Біздің экономика егемендік алған алғашқы жылдардан бері сыртқы нарықпен бірігуге бағыт алды. Бізде жалпы ішкі өнімге экспорттың пайызы көп және импорт пайызы да соншалықты жоғары. Сонымен бірге біздің экспортымыз - негізінен шикізатты. Ал жер жүзінде бөгде шикізаттан түсетін өзінің әкелім баж салығымен жабылатын бірде-бір ел жоқ. Сондықтан экспорт бойынша ДСҰ-на нақты мүше болу 15 жыл бұрын орын алған еді. Бұл жерде біз шикізат жеткізуші ретінде орналасқанбыз.

Импорт бойынша: біз өте аз өндіреміз, тиісінше, өте көп әкелеміз. Біз ДСҰ-да қабылданғандай импортқа анағұрлым төмен мөлшердегі баж салығын баяғыда бекіттік. Осыған қарамастан Кедендік одаққа кірген кезде біз оларды ресейліктерге сай етіп сәл ғана көтердік. Біздің нарық көп жылдардан бері ДСҰ-на мүшелікке қарамастан, шетелдік тауарлар үшін ашық.

ДСҰ-на мүше болу – мемлекетке әлдебір саласын, алдымен ауыл шаруашылығын қолдауға белгіленген лимиттен аспауды міндеттейді. Қазақстан да өзінің ауыл шаруашылығын қолдайды, бірақ бұл қолдау деңгейі ДСҰ-дағы ұйғарынды мөлшерден бірнеше есе төмен. Еуроодақ мүшелері өздерінің ауыл шаруашылығына демеу қаржы бөледі, егер біз ауылдарымызды қолдауды 10 есеге арттырсақ, бәрібір осы халықаралық ұйымның ережесін бұзбаған болар едік.

Осылайша, біз шикізат жеткізуші ретінде және бөгде тауарларды сатып алушы ретінде баяғыда қалыптастық. Қазір ол жерде тек салтанатты түрде мүшелік билетті табыс етті.

Неліктен осыншама ұзаққа созды? Іс жүзінде ДСҰ – бұл дүниежүзілік сауда ұйымы емес. ХВҚ – халықаралық валюта қоры емес секілді. Екеуі де жаһандық бітімгершілік тәртіпті қолдайтын әлемнің жетекші елдерін тиімді дамытуды қамтамасыз ететін саяси институттар. Осынау жаһандық тәртіпті қолдайтын күштер осы жылдар бойына іс жүзінде «көп векторлы» Қазақстанның қайда талпынып жатқанын жақсы түсіне алмағандықтан, осы мүшелік бойынша саяси шешім үнемі кейінге қалдырылып келді. Міне, мәселен, Қырғызстанды баяғыда-ақ еш кедергісіз қабылдады. Өйткені ол ешқашан Еуразиялық одаққа шықпайды деп есептелді. Батысшыл бағдарды айқын көрсеткен Грузияны да тез қабылдады, ал Қазақстанды қабылдамады. Өйткені оның саяси болашағын еш айқындай алмады. Қазақстан Кедендік және Еуразиялық одаққа мүше болғаннан кейін тосыннан қабылдады. Оғаш болды. ДСҰ-на Кеден одағының қатты ұнамайтыны түсінікті, оны болдыртпауға қуана әрекет жасар еді. Бірақ ол қызмет етіп қана қоймай, кеңеюде (Армения мен Қырғызстан есебімен). Содан соң Қазақстанмен әрі қарай ойнаудың мәні жоқ деп ұйғарса керек, оны да қабылдады.

Біз қаншалықты сырттан бағдарланғанбыз, бұл жақсы ма, жаман ба? Бұл өте жаман, өйткені өте қауіпті. Елге өз ЖІӨ-де жоғары деңгейде экспортқа ие болуына болады. Бірақ бұл пайыз да өте көп болмауы тиіс (бізде экспорт ЖІӨ-нің 40 пайызына жетеді). Өйткені сыртқы жағдаятқа кіріптарлық күшейеді. Біздің жағдайымызда бұл экспорттың тек шикізат сипатында екі есеге қауіпті.

Яғни, әңгіме бізді ДСҰ-на қабылдағаны жақсы ма, әлде жаман ба деген әңгімеде жатқан жоқ. Біз баяғыда-ақ өте күшті сыртқы экономикалық тәуелділікке іліктік. Ал бұл жақсы емес. Яғни, байып, елімізді лайықты түрде қамтамасыз ете алмаймыз.

Экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ:

- Шындығын айтқанда, әзірге барлық қосымшаларымен бірге

Image 0келісімшарттың мәтіні жарияланған жоқ. Сондықтан мұның елге не беретінін айту қиын. Бірақ басқа елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, болжамды бағалар беруге болады. Мәселен, КЗ орташа кедендік тарифі 2009 жылы 6 пайызға тең болды. Ал КО/ЕАЭО-қа кіргеннен кейін ол 11-12 пайызға дейін өсті. Ресей ДСҰ-на кіргеннен кейін оның келісімі ЕАЭО арқылы бізге де ішінара таралды. Соның салдарынан орташа кедендік тариф 9 пайызға төмендеді. 3-5 жыл ішінде 7,5 пайызға дейін төмендеуі тиіс еді. Енді біз де кірдік, сондықтан тариф шамамен 6 пайызға дейін төмендейді. Өйткені келіссөздердің негізгі бөлігі КО-қа кіргенге дейін аяқталған еді.

Бірақ тариф алуан түрлі. Мәселе мынада, Ресей ДСҰ-на дайын өнімді импорттаудың баж салығы төмендеп, өнеркәсіптік және аралық тауарлар көбеюде. Соның салдарынан жергілікті өндірісті дамыту бұрынғыға қарағанда анағұрлым тиімсіз, ал сырттан әкелу анағұрлым тиімді болады.

Әнебір артықшылықтар көріп отырғаным жоқ. Бізде онсыз да басқа елдердің нарығы қолжетімді болатын. Ал біздің экспортымыздың 90 пайызы – шикізат тауарлары екенін ескерсек, мүлдем күшті өзгерістер болмайды. Қалай болғанда да, қосымшалары бар келісімшарт мәтінін жариялануын күтеміз. Содан соң тағы бір пайымдап көреміз. Әзірге, келіссөздер процесінің мүлдем ашық болмағанын, бұл біздің қисынсыз назымыз емес, ДСҰ-ның ережесі екенін айтуға болады. Алайда сол ЕАЭО бойынша келісімшарт жобасы өзгерістерімен әрбір 1-2 ай сайын жарияланып тұрған еді. Оның үстіне, ол ДСҰ-на қарағанда кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

Жазып алған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 маусым 2015, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.