Атырау, 25 қараша 20:27
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ қорғаныс министрі Еуропаға барады

2 086 просмотра

Image 0АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер НАТО-ға мүше елдер мен ынтымақтастықты талқылау үшін Еуропаға бара жатыр. Пентагонның мәлімдеуінше, Картердің кездесуінде негізінен Қырымның аннексиялануы мен Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистермен соғыстан соң АҚШ пен НАТО-ның және олардың серіктерінің ең жақсы стратегиясын жасап шығару жайы талқыланады.

Картер Германияға 22 маусымда барып, Германия, Нидерланды және Норвегия қорғаныс министрлерімен кездеседі. 23 маусымда ол Таллинде Эстония, Латвия және Литва қорғаныс министрлерімен келіссөз өткізеді. Бұл үш ел НАТО-ға өз территорияларында әскерін орналастыруға өтініш білдірген.

Эштон Картер бұдан соң Брюссельге барып, онда НАТО мемлекеттері қорғаныс министрлерімен кездеседі. 26 маусымда Пентагон басшысы 65 мыңға тарта америкалық әскерилер орналасқан Германияға тағы бір аялдайды.

Дереккөз: azattyq.org

22 маусым 2015, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.