Атырау, 28 қараша 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өзгеге үміт сыйлағандар

3 810 просмотра

Image 4

11 маусымда, Дүниежүзілік донорлар күнінде Атырау қан орталығы бірнеше жылдан бері өзге жандардың өмірін құтқару үшін тегін қан тапсырып жүрген тұрақты донорларды мерекелік шараға шақырды.

АЛДЫМЕН АНАСЫ ҮШІН

Владислав КУШНЕВИЧ алғаш рет қанды 1988 жылы студент кезінде тапсырған екен:

- Біз ол кезде бүкіл тобымызбен курстасымыз үшін қан тапсыруға келетін едік. 90-жылдары Орталыққа жарты жылда бір рет келетінмін. Ал соңғы 2-3 жылда мұны әрбір екі ай сайын жасаймын. Өз басыма түскен жағдайдан кейін тұрақты донор болуды ұйғардым. Біздің анамыз қатты ауырды, ол тұрақты түрде ем алып тұрды, оған қан үнемі қажет болатын. Мен өзім де тапсырдым, туыстарым, достарым, әріптестерім де көмектесті. Сол кезде, шамасы, мұның қаншалықты маңызды екенін және қан тапсырып, біреуге көмектесу қиын еместігін ұғынған шығармын. Бұған жерлестерім көбірек келсе екен деймін.

Image 3Қан орталығы директорының орынбасары Жаңылсын ШИНДАУЛОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде дерекқорда тегін қан тапсыратын 8 мың донор мен ақылы түрде қан тапсыратын 2 мың донор бар екен.

- Бүгін біз облыс орталығының 9 ауруханасын, 7 аудандық аурухананы қан препараттарымен жабдықтап отырмыз. Мәселен, биыл осы медициналық мекемелердің барлығынан 3 тонна 128 литрге тапсырыс алдық. Қалыптасқан дәстүр бойынша, емдеу барысында қан препаратын алған реципиенттен біздің қорымызды толықтыру үшін Орталыққа донорлар келуі тиіс. Бүгінгі күні, мәселен, бізде 48 литр эритроцитті масса мен 245 литр плазма берілуге әзір тұр. Бұл көп емес, өйткені, қан әлдебіреулерге кез келген сәтте және түрлі мөлшерде керек болып қалуы мүмкін.


ПЕЧЕНЬЕМЕН ШАЙ

Image 0

Қан орталығында донорлар үшін жеке есік бар, бұл жерде толықтыру бөлімі орналасқан. Бірінші пункт – тіркеу орны. Әр келген сайын донор сұрақтар берілген сауалнаманы толтырады. Сонымен қатар тіркеу орнында оны бірыңғай электронды база бойынша тексереді. Ол жерге емдеу мекемесіне барған адамдар туралы ақпарат түседі. Кей жағдайларда бұл тіркеу кезеңінде қабыл алмауға мүмкіндік береді. Егер бәрі дұрыс болса, донорға кәртішке беріліп, ол қан тобын анықтау үшін саусақтан қан тапсырады. Содан кейін терапевтің қабылдауына барады.


- Донор жақсы демалған болуы тиіс, келер алдында спирттік ішімдік ішіп, майлы тағам жеуге болмайды, темекі тартпағаны да жөн. Егер донордың жағдайы жақсы болса және қабыл алмауға айқын себептер болмаса, терапевт адамның қандай мөлшерде қан тапсыра алатындығын анықтайды, - деп әңгімелейді Ж.Шиндаулова. – Содан соң – біздің асханамызға келіп, печеньемен жеңілдеп шай ішеді. Бұл міндетті.

Image 1

Асханадан мен ТЖД қызметкерін кездестірдім. Жас жігіт жақсы көңіл күйде екен, әріптестерімен бірге қанымен бөлісу үшін Донор күніне арнайы келгенін айтты:

- Бұл осымен екінші рет. Біріншіде зайыбым ем алып жүргенде тапсырдым. Қазір жай, басқаларға көмектесу үшін тапсырып жүрмін.


ЖҮЗ РЕТ ТЕКСЕР...

Image 2

Тіркеуден соң, алдын ала тексеруден өткеннен кейін донор бөлімшеге келеді, қанды сол жерден алады. Қан тапсыруға немесе тек плазма тапсыруға оның таңдауы бар. Екінші жағдайда плазма оны бірден басқа компоненттерден ажырататын арнайы аппарат арқылы алынады. Қалған компоненттер қайтадан ағзаға құйылады.

Әрине, тапсырылған қанның бір бөлігін талдау үшін зертханаға жібереді. ВИЧ-ке, В гепатитіне, С гепатитіне және мерезге тексеріледі. Бұдан басқа, жалпы қан талдамасы, биохимиялық және бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Лаборанттар жұмыс істеп жатқан кезде донор қаны өңдеуге жіберіледі. Сұйылтылмаған қан құйылған қаптар арнайы центрифугаға жіберіледі. Ол жерде плазманы, эротрициттер мен тромбоциттерді бөлу жүргізіледі.

Әрі қарай арнайы аппарат компоненттерді түрлі пакеттерге құяды. Егер сол уақыттарда зертхана талдамасы донордан әлдебір қауіпті вирус тапса, оның қаны құйылған пакеттер жойылуға, ал ақпарат тиісті емдеу мекемесіне әрі қарай тексеріп, емдеу үшін жіберіледі. Сапалы қан арнайы тоңазытқыш камерасына карантиндік сақтауға жіберіледі. Плазманы, мәселен, минус 40 градус температурада қатырып, сақтайды. Карантинде қан компоненттері төрт ай тұрады.

- Содан кейін біз донорды қайтадан бақылау талдамаларын тапсыруға шақырамыз. Егер бұл жолы да бәрі дұрыс болса, қан трансфузия үшін, яғни, реципиентке құю үшін жарамды болады. Оны экспедиция бөліміне жібереміз, ол сол жерден беріледі, - дейді Ж.Шиндаулова.

- Ал егер ол қайтадан анализ тапсыруға келмесе ше?

- Оның плазмасы арнайы тоңазытқыштарға салынып, Алматыға ұшақпен жіберіледі. Ол жерде қосымша өңдеуден өтіп, одан кейбір сырқаттарды емдеу үшін қажетті альбумин, иммуноглобулин секілді препараттар жасалады. Ал қалған компоненттер жойылады.

Бұл күні Қан орталығына тегін қан тапсыруды ұйғарған отыз шақты адам келді. Олардың бәрі Қызыл Жартыай Қоғамының символикалық донорлық білезігіне ие болды.

18 жастан 60 жасқа дейінгі, салмағы 50 келіден кем болмайтын кез келген дені сау адам донор бола алады. Ересек адамның ағзасында 5-6 литр қан болады, бұл 1/13 немесе дене массасының 7-8%-на сай келеді.
Көптеген зерттеу жұмыстары арқылы 400-450 мл қан немесе 500 мл плазма алудың дені сау адамның ағзасы мен оның еңбек қабілеттілігіне әсер етпейтіндігі дәлелденген. Қан тапсырған кезде донорда зат алмасу күшейеді, бауырдың жүгі жеңілдейді. Тұрақты қан тапсыратын донорлар орташа алғанда 5-8 жыл ұзағырақ өмір сүреді әрі бақытсыз жағдай кезінде қан жоғалтуға анағұрлым төзімді болады. Дәрігерлер жылына 5 мәртеге дейін араға 2 ай салып қан тапсыру зиянсыз деп есептейді. Плазманы араға 2 апта салып тапсыруға болады.
Донорлыққа жүкті әйелдер, сондай-ақ, гепатитпен, мерезбен, бруцеллезбен, жүрек ақауымен, бронх демікпесімен ауыратындар, ВИЧ жұқтырғандар, маскүнемдер, нашақорлар жіберілмейді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор



18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.