Атырау, 28 қараша 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жарамсыз азық-түліктер айналымы

1 883 просмотра

Image 0Азық-түліктердің сапасы мен олардың КО техникалық регламентіне сәйкестігі облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған семинарда талқыланды.

Кездесуге сауда желілерінің өкілдері шақырылды. Департамент мамандары жергілікті дүкен сөрелеріндегі заттарға мониторинг жүргізеді, содан соң қажет болған жағдайда азық-түліктерді жеткізушілерге қайтару туралы немесе тауарды жою туралы ұйғарым шығарады. Алайда бұл ұйғарым орындала бермейді. Супермаркет қожайындары бұзылған заң бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаупі бар екенін білсе де, «көзге түскен» тауарларды басқа дүкендерге жібереді.

Облыстық департаменттің бөлім басшысы Мәриям МЕҢДІҒАЛИЕВА мониторинг жүргізу процедурасы туралы әңгімеледі. Белгілі бір өнімді – сүт, ет, спиртті ішімдіктерді және т.б. сатып алу тапсырмасын олар Астанадан алады екен. Құқықтық статистика орталығына хабардар етіп, кесте бойынша дүкендерді аралауға шығады. Олар кәсіпкерлерге өздерінің келетіндерін ескертуге міндетті емес, азық-түліктерді қарапайым сатып алушылар секілді сатып алады. Дүкендерге азық-түліктер сараптамаға жіберілген кезде, сәл кейінірек хабарланады. Наурыздан мамырға дейінгі аралықта мамандар осындай 12 бақылау саудасын жасап, 49 атаудағы азық-түліктерді сатып алған. Олардың 30-ы талапқа сай келмейді. Сүт өнімдерінің 13 түрінің бірде-біреуі, құс етінің алты түрінің бесеуі, алкоголь өнімдерінің сегіз түрінің алтауы тексеруден өте алмаған.

Кейбір азық-түліктердің таңбалаулары стандартқа сай келмеген, мәселен, міндетті ЕАО белгісі немесе мемлекеттік тілде жазуы болмаған. Алайда, ең қауіптісі - кейбір өнімдермен тіпті улануға болады. Новгород облысынан шыққан «Корона» котлеті мен сол өндірушінің тұшпарасынан, Украинадан шыққан «Сметанковый» ірімшігінен ішек таяқшасы табылған. Әзірге тексеру жүргізілуде, осы азық-түліктердің бір бөлігі тұрғындарға сатылып жіберген.

Барлық супермаркеттерде азық-түліктер өлшеп оралады, мәселен, ірімшік тілімделіп кесіледі. Орамада супермаркет тауардың салмағы мен құнын көрсетеді, ал маңызды ақпарат - өндірілген уақыты мен жарамдылық мерзімі жазылмайды. Кейбір азық-түліктерде сапа сипаттамасы орамадағы мәліметпен сәйкес келмеген. Мәселен, «Простоквашино» сүтінде 3,2%-дың орнына 2,9% майлылық болған. Тығыздығы нормадан төмен, ал қышқылдығы, керісінше, жоғары.

– Бірақ бүкіл жөнелтпе құжаттары мен сертификаттары дұрыс. Біз осы мәселені сертификаттар берген зертханалармен анықтау үшін тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне материалдарды жібереміз, - дейді М.Меңдіғалиева.

Мұндай мониторинг бүкіл елде жүргізілді. Стандарттарға сай келмейтін 198 атаудағы азық-түліктер анықталды. Осы «қара» тізім тасымалдаушыларға таратылды. Бірақ департамент қызметкері атағандай, осы тізімдегі 28 атауды қазірдің өзінде Атырау дүкендерінен оп-оңай табуға болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 маусым 2015, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.