Атырау, 6 желтоқсан 05:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Америкалықтар "Әл-Каида" лидерін өлтірген болуы мүмкін

1 481 рет қаралды

Image 0"Әл-Каида" содыры Мұхтар Белмұхтарды америкалықтар өлірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды BBC.

Америкалықтардың Ливия аумағына бағыттаған әуе соққысы содырларды жойып жіберген болуы мүмкін. Басылымның хабарлауынша, Пентагон "Әл-Каида" орта дәрежелі иерархиясына әуеден соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрлігі, алдын ала болжам бойынша, соққы нысанаға дәл тигенін хабарлады.

Сонымен қатар, соққы кезінде салмағы 225 келі болатын екі F-15 жойғыш қаруы қолданылғаны белгілі болды.

Мұхтар Белмұхтар 2013 жылы Алжирде газ кен орнына жасалған шабуылды ұйымдастырушылардың бірі. Шабуыл нәтижесінде батыс елдерінен әкелінген 38 тұтқын, сонымен қатар 3 америкалық қаза тапты. Белмұхтардың қайтыс болғаны туралы ақпарат бірнеше рет тарады, дегенмен бәрі жоққа шығарылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 маусым 2015, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.