Атырау, 28 қараша 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Фермерлерге түрткі керек болды

2 934 просмотра

Image 010 маусымда облыстық мәслихат сессиясында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман БӘЖЕНОВ пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жасалған жұмыстар жайлы баяндады.

2011 жылы ҚР президентінің тапсырмасымен елде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу басталды. Бастапқыда ол қала мен аудан әкімдіктерінің күшімен жүргізілді.

2012 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын арнайы ұйымдар бұл жұмысты өз міндетіне алды. Сөйтіп, 2012 жылы Махамбет, Қызылқоға және Индер аудандарының жерлері, 2013 жылы Жылыой мен Мақат аудандары, 2014 жылы Атырау қаласы, Құрманғазы мен Исатай аудандары тексерілді. Барлығы агрокешеннің екі миллионнан астам гектар жері тексерілді.

А.Бәженовтің мәліметі бойынша, атап айтқанда, Атырау қаласының аумағында 6,9 мың гектар жер әлі күнге дейін бос жатыр. Жылыой ауданында 12,8 мың гектар жер игерусіз қалды, ал 1,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғаннан кейін қалған жерлердегі шаруалар қозғала бастады. Исатай ауданында ештеңе жасамаған фермерлер түгендеу басталғаннан кейін іспен айналыса бастады.

Мақат ауданында билік мүлдем қатаң әрекет етті. Бос жатқан 5,5 мың гектар жерді бірден мемлекетке қайтарды. Сондай-ақ облыс бойынша бұрын жеке құрылыс үшін бөлінген 3 мыңнан астам пайдаланылмаған жер телімдері анықталды. Оның 900-дейі мемлекетке қайтарылғаннан кейін екі мың жер иелері құрылыс салуға кірісті. Қалған жер үлестеріне қатысты істі қазір сот қарап жатыр.

А. Бәженов пайдаланылмаған деп танылатын ауыл шаруашылығы үлестерінің критерийлерін атады. Жыртылған жерлер бойынша – егер учаскеге ештеңе себілмесе; шабындықтар бойынша – егер шөптер шабылмаса, бәріне арам шөптер, бұта, ұсақ ағаштар өсіп кетсе және екі жылдан астам уақытта шабындық шөптердің басқа да азу белгілері бар болса, жайылым бойынша – малдың болмауы немесе өкілетті орган бекіткен жайылым алаңында рұқсат етілген жүктеменің 20 пайызынан төмен болса; бақшалар бойынша – күтім болмаса, өнім жиналмаса және өлі көшеттер тамырынан шабылмаса.

Бәженов керемет жаңалықты хабарлады:

Құрылыс салуға алынған телімді игеру мерзімі екіден үш жылға дейін ұзартылды. Егер жеке үй құрылысы үшін жер телімі әзірленбеген жерден бөлінсе, оны игеру мерзімі қажетті инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етілгеннен кейін есептеледі.

Күні бүгінге дейін жер телімдерін бөлу кезінде геодезистер 70-ші жылдардың аэрофототүсірілімдерінің негізінде дайындалған карталарды пайдаланып келді. Биыл «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ электронды карта әзірлеу үшін Махамбет, Жылыой аудандары мен Атырау және Құлсары қалаларының жерлерін суретке түсіру жұмыстарын жүргізуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 маусым 2015, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.