Атырау, 28 қараша 15:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ауадан ақша жасаған

2 701 просмотра

Image 1Аңғал азаматтардан ақша қымқырудың жаңа сызбасы оның авторларына 2,5 миллион теңге әкелді. Алайда зардап шегушілер – олардың саны әзірге 25 – қармаққа іліккендердің анағұрлым көп екенін растап отыр. №2 Атырау қалалық сотында алаяқтық жасады деп күдіктелген Эльмира СТРУНЯШЕВАҒА қатысты қылмыстық іс қаралуда. Ол белгілі бір сомаға «Проектировщик-С» бағбандар қоғамынан жер телімдерін ұсынған.

АРЗАНҒА САТЫП АЛ

Биылғы жылдың сәуірінде Атырау қалалық ІІБ-не 25 қала тұрғыны шағымданды. Олардың бәрі 2014-2015 жылдар ішінде «иесіз» жерді өз аттарына қайта ресімдеуге кепілақы ретінде Струняшеваға 50 мың теңгеден бергендерін растаған. Оның «коммерциялық ұсынысына» сәйкес, бар болғаны 100 мың теңгеге Томарлының ар жағындағы құс фабрикасы маңынан он сотық саяжайды иеленуге болады екен. Бұл керемет ұсыныс еді, өйткені, бұл телімдердің нарықтық құны – 10 мың доллар. Бағбандар қоғамындағы ертегішілердің кейбір телімдерді бір-біріне туыс болып келетін адамдарға бес мәрте сатуы ғажап емес. Қулық-сұмдық ашылған кезде елес жер иелігі үшін жанжалға туыстық байланыстар әзер төтеп берді.

ОЛАР НЕЛІКТЕН СЕНІП ҚАЛҒАН

Редакцияға зардап шегушілер өкілдерінің бір тобы келді. Ғажайыптар алаңы туралы олардың нұсқаларын тыңдай отырып, едәуір жасқа келген, өмірде ойдағыдай табысқа жеткен адамдардан бастапқыда-ақ бұл ұсыныс күдік туғызбады ма деп сұрадым.

Image 0

Біз оған қалай сеніп қалды дейсіз бе? – деп Наталья БЕЛОВА (суретте) түсіндіре бастады. – Бірнеше жыл бұрын менің құрбым шетелге қоныс аударды. Оның саяжайының не актісі, не басқа да құжаттары болмады, тек маған қалдырған бағбан кітапшасы ғана болды. Біз оны 2 жыл пайдаландық, кейін саяжайды су басып кетті. Содан соң үш жыл біз ол жаққа барғанымыз жоқ. Есімізге түскен кезде барсақ, ол жерді басқалар иеленіп алыпты. «Жер иесіз болды, сөйтіп біз алдық» дейді. Маған осы жерлер туралы айтқанда, бағбандар қоғамы мүлікке түгендеу жүргізіп, осындай иесіз телімдерді тауып, енді орналастырып жатыр екен деп ойладым: өйткені, оның салық қарыздары көбейіп жиналып қалған еді. Струняшева дәл солай: кепілақы салықтарды өтеуге кетеді деді. Қалған жартысын біз мемлекеттік актіні алғаннан кейін төлеуге тиіс болдық. Бірақ процесс ұзақ, 2-3 ай уақыт алады деп бірден ескертіп қойды.

Алданған жандар телімдердің баяғыда иесіз болып қалғанына күмән келтірмеген.

- Қурайлар басып қалған телімдерді көрсетті, кей жерлерінен адам өте алмайды. Қоршаусыз, кейбіреулері арқылы үнемі өтетін көліктер жол салып тастапты. Сыртқы түрлеріне қарап, шынымен де, бағбандар қоғамының төрағасы тәртіпке келтіруді ұйғарған екен деп ойладық, - дейді бірауыздан зардап шегушілер.

Сөйтіп қол алысқан: Наталья КУДРЯКОВА 2 телім, Екатерина ХОХЛАЧЕВА – 2, Наталья Белова – 3, Татьяна ДЕМЯШЕВА тіпті, 10-ын «алған»: балаларға керек, туыстар бар...

Мені құдағайым әкелді, - деп өз хикаясын әңгімелейді Демяшева. – Ол көп уақыттан бері саяжайда тұрады. Струняшеваны да көптен біледі. Ол үнемі барлық төлемдерді: мүшелік жарналарды да, коммуналдық төлемдерді де... жинайды екен. Одан көптен бері бос жатқан телімдерді алуға болатыны туралы кездейсоқ білген екен. Сөйтіп, балаларына 6 телім сатып алған, сосын маған айтты. Ал мен өз жерім болса екен, зейнеткерлікке шыққанда бақша ексем деп армандайтынмын.

Демяшева жарты миллион кепілақы төлеп қойған. Өз таныстарына айтқан, олар да өз таныстарына... Ақыр аяғында классикалық пирамида пайда болған: оған қатысушы әрбір адам өзімен бірге кем дегенде тағы екеуін әкелген. Тіпті, қазіргі сотталушының өзі де мұндайды күтпеген.

Жоқ «иесіз» телімдер ыстық самсадай үлестірілген, тіпті, кейбірін екі рет, тіпті, бес рет сатуға тура келіпті... Сөйтіп, саяжай пирамидасы іске аспай қалған.

Алаяқтық құрбандары алданғандарын кездейсоқ біліпті. Өйткені, зардап шегушілердің көпшілігі бір-бірімен таныс, олар алдағы уақытта жерге иелік ету жөнінде жиі пікірлесіп тұрады екен. «Маған ана жер тиді, жақсы жер емес, ал құдағайымның жолы болды» деген әңгімелер жүрген... Белгілі бір телімнің бақытты «иегерлері» осы тар шеңбердегі адамдар қатарындағы үш адам болып шыққан. Осы сәттен бастап сюжет экшн жанрында өрби бастайды: бір бөлігі көліктеріне мініп, саяжайға жол тартса, қалғандары Струняшеваға қоңырау шала бастаған.

Ал ол: әкімдікке Марьюшкамен бірге сіздің рұқсат қағаздарыңызды алуға бара жатырмыз дейді, - деп күйінеді әйелдер ыза болып. – Ал өзі әлі төсегінде жатыр.

Марьюшка – Струняшева «Проектировщик-С» бағбандар қоғамының төрағасы Мария АРХАТОВАНЫ булгаковша осылай атайды. Отқа май тамызбағанмен, саяжай ісіне оның тікелей қатысы бар деп есептейді зардап шегушілер.

ҚЫЗУ ЖҰМЫС

Ықтимал клиенттермен алғашқы кездесу кезінде Струняшева міндетті түрде: олардың артында салық бойынша өтелмеген қарыздары бар-жоғын нақтылап алған. Борышкерлерге әкімдікте телімдер беруге рұқсат бермейді – «біз бәрін салық төлеушілер базасы бойынша тексереміз» деген. Онымен үнемі телефон арқылы байланысып тұрған зардап шегушілердің сөздеріне қарағанда, ол өзін қызу жұмыс жасап жүргендей көрсеткен: «біз әкімдіктеміз, сіздің тізімдеріңізді беріп жатырмыз. Біз күні бойы салық қызметінде жүрміз, бұл жерде компьютерлер жұмыс істемей қалды, тек бүгін екі адамды ғана тексеріп үлгердік...».

– «Біз» деп кімді айтып отыр?

– Өзі мен Архатованы, ол телефон желісінде отырып, үнемі сонымен сөйлеседі. Ал ол жақта әлдебіреудің бүкіл сұрақтарға комментарий беріп тұратыны сөзсіз. Бізге қандай телімдерді көрсету керектігін де ол сонымен келісіп алды. Телімдерді қайта ресімдеу өтінішін біз оның атына жаздық, түбіртекте есепші ретінде қойылған Струняшеваның қолынан басқа оның аты-жөні мен қолы тұрды. Архатовамен кездескен кезде әңгіме кім туралы айтылып жатқанын білмейтінін мәлімдеді. Струняшеваның ешкім еместігін, тек саяжайдағы «жай әйел» екенін айтты. Біз сол «әйелдің» қолында өзі басшылық ететін бағбандар қоғамының мөрі мен түбіртегі бар екенін еске салған кезде, ол оның бағбандар қоғамының мүшесі екенін және коммуналдық төлемдерді жинайтынын «есіне түсірді». Алайда өз шаруашылығындағы жер саудасы жөнінде мүлдем бейхабар екенін айтты. Бір жыл бойына өзіне бағынышты аумақта оның есепшісі топ-топ адамды ертіп жүріп, телімдерді көрсетіп жүрген болса, қалай бейхабар болады?! – дейді Наталья Белова.

Редакцияға хабарласқан-дардың мәліметінше, зардап шегушілер арасында алғашқы түбіртектерді 2012 жылы алған-дар да бар екен. Соңғысы, осыдан бірер апта бұрын осы қармаққа ілінген ер адам болып шықты.

Ол 28 мамырда соттың алғашқы отырысына келіп, жарты миллион ақша төлегенін айтты. Басқа әйел де біреуден естіп сотқа келді, өзінен кейін тағы 20 адам тұрғанын, саяжай үшін миллион теңге төлегенін айтты. Оның үстіне, біздің мәліметіміз бойынша, тіпті, осы бағбан қоғамының басқарма мүшелері де көршілес жатқан иесіз телімдерді қосып алғаны үшін ақша төлеген. Көпшілігі арыз жазбай отыр, өйткені, есімдерін жария еткісі келмейді, өздерінің де қармаққа түскенін мойындауға ұялады. Көпшілігі, бәлкім, шындықты білмейтін шығар. Әлі күнге дейін Струняшева оларды «ертеңмен» тойдырып келе жатқан шығар. Струняшева кейбіріне қорқып ақшасын қайтарып берген, өйткені, олардың арасында едәуір ықпалды лауазымдарда, соның ішінде органдарда жұмыс істейтін адамдар бар. Әрине, бұл адамдар сотта куәлік бермейді ғой, - дейді зардап шегушілер.

4 маусымда соттың екінші отырысы өтті. Айыпталушы орындығында Струняшева отыр. Архатова іс бойынша куәгер ретінде қатысуда. Зардап шегушілерге мұндай рөл ұнамайды.

Біз прокуратураға істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтініш жаздық, - деп хабарлады телефон арқылы Белова. – Біз мұның бәрін бір адам жасай алмайды деп есептейміз. Ол бір өзі мұндай сызбаны ойлап табуы мүмкін емес, оның сыбайластары болған.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.