Атырау, 28 қараша 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Күрес алаңы» - қала маршруттары

2 839 просмотра

Image 04 маусым күні қалалық ТКШ бөлімінде Атырау Орталық диспетчерлік қызметінің таныстырылымы болып өтті. Әзірге жүйе қоғамдық көліктерді қамтып отыр, ал кейін оған «АтырауСуАрнасы», «Арнайыавтобаза» және өзге де қалалық қызметтердің арнайы көліктерін де «тіркеу» жоспарлануда.

«ДӘЛ БҮГІН ШАҒЫМ ТҮСКЕН ЕДІ»

«KazInterSoft» компаниясы құрастырған «Жолаушылар көлігін диспетчерлеу жүйесін» енгізу жыл басында талқыланған болатын Автобустар онлайн режимінде»). Қазақстанда бұл жүйе 2003 жылдан бері Астана, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған және Орал қалаларында жұмыс істейді. Бұл автоматтандырылған бағдарлама барлық өңірлерге тән көптеген қиындықтарды шешуге арналған: қозғалыс аралығының сақталмауы, маршруттағы көліктердің кешкісін уақытынан ерте кетуі, жүргізушілердің жарысуы, т.б. Ол, сонымен қатар, смартфонға жүктелген қосымшаның көмегімен маршруттардың арақашықтығы туралы ақпарат алып, мейлінше ыңғайлы маршрутты қарап отыруға мүмкіндік береді.

Базалық сызбасы қарапайым: автобусқа терминал орнатылады, ол ақпаратты серверге онлайн жібереді. Ол жерде мәліметтер автоматты түрде өңделіп, тасымалдаушы мен салалық қала қызметтері үшін есептемелер жасалады. Осы жинақталған мәліметтер базасында жүйе қалалықтарға арналған ақпараттарды интернет-порталға немесе ұялы байланыс қосымшаларына жібереді. Тасымалдауды басқару орталығындағы диспетчерлер автобустардың қандай жылдамдықпен жүріп келе жатқанын, олар маршрутпен келе жатыр ма, жоқ па, т.б. бақылайды. Бұзушылықтар орын алған жағдайда олар телефон шалып, жүргізушілердің әрекеттерін түзетіп отыра алады.

- Бұл біздің алаңымыз, - деп ойын жеткізді «KazInterSoft» директоры Әділбек НҰҒМАНОВ қала картасы мен ондағы қозғалыстағы маршрут-нүктелер көрсетілген үлкен экранды нұсқап. – Маршруткаларға GPS орната бастаған кезде Атырауда олардың саны бұрын көрсетілгендей 250 емес, 280 екені анықталды. Бүгінгі күні жүйеге 30 маршруттың 20-сы қосылды, қазірдің өзінде бұзушылықтар тіркелуде. Мәселен, «Вокзал» соңғы аялдамасындағы №2 маршруттағы екі автобустың аралығы 45 минутты құрады, ал кей жерлерде, керісінше, маршруттар әрбір 2-3 минут сайын келіп жатты.

Қондырғыларды орнату жұмыстары акяқталды, енді екінші кезеңнің уақыты келді: жүйені күйге келтіру, қозғалыс жылдамдығы, автобустар аралығы мен жылдамдық режимі туралы түрлі есептемелер жасау.

- Міне, дәл бүгін маған қала тұрғындарынан ұжымдық шағым түсті, олар автобустардың жүргізушілері қозғалыс кестесін сақтамайтындығына наразы: алдымен аялдамаларда жолаушыларды жинап, 20 минуттан тұрып алады, кейін басқа маршруттарды қуып жету үшін жол бойында жарысады, - деп атап өтті Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ.

ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР

Қалалық қаржы бөлімінің басшысы Мұрат АЙТЖАНОВ қаладағы қоғамдық көліктерді «интеллектуализациялаудың» негізгі тұстары туралы айтып өтті. Биылғы жылдың екінші тоқсанына жоспарланған автобустарды GPS-тректермен жабдықтау аяқталды. Келесі тоқсанда қаладағы автобустарды автохабарлаушымен жабдықтау және аялдамалар тораптарында ақпараттық табло қондыру жоспарланып отыр. GPS қондыру маршруттардағы тәртіп мәселесін бір өзі шеше алмайды, алайда тасымалдаушылармен объективті мәліметтер жайлы сөйлесіп, оларды тәртіпке шақыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, трафик туралы шынайы ақпарат қарбалас сәттердегі кептелістерді есепке ала отырып қозғалыстардың жаңа кестесін жасауға мүмкіндік береді. Онымен ТКШ бөлімінің көлік мамандары айналысатын болады.

Орталық диспетчерлік қызмет әзірге ТКШ бөлімінде жұмыс істейді, алайда кейін оны бөлек құрылым, мүмкін, мемлекеттік-жеке серіктестік ретінде шығару жоспарлануда.

Көлік саласындағы келесі өзекті міндет – жеңілдікпен жүретін жолаушылар үшін тасымалдаушыларға төленетін компенсация мәселесі. Мәселен, Атырауда, шамамен, 47 мың оқушы бар. Егер олардың, айталық, 60 пайызы сабақ уақытында қоғамдық көлікке күніне екі рет мінеді десек (мектепке және кері қарай), ҚР Көлік туралы заңына сәйкес бөлінетін өтемақы көлемі 307 млн теңгеге (бізде әр жол жүру 25 теңгеге тең) шығады. Дүние жүзінде қоғамдық көлік саласы субсидияланады, Астанада жеңілдікпен жүретіндердің жолақысына төленетін өтемақы жылына 1 млрд теңгені құрайды. Бұл сома ары қарай автобустардың құжаттық сыйымдылығы мен әр маршруттағы жүріп өткен қашықтығын есепке ала отырып арнайы формула бойынша бөлінеді.

- Өтемақы пайда болған уақытта бізде тасымалдаушыларға әсер ету үшін қосымша тетік пайда болады. Бұзушылықтарға жол берген компаниялар өтемақыны аз алады, ал үнемделген қаржы тәртібі жақсы тасымалдаушылардың арасында бөлінеді. Өз талаптарын белгілі бір өтемақылармен қамтамасыз етіп алмай, үнемі талап қоюмен қазіргі кезде ықпал ете алмайсың, - дейді сенімді түрде М.Айтжанов.

- Жақында қала үшін «IBA Group» компаниясы ұсынған жүйе Минскідегі кәртішкелік жүйе бізде де болса...») қоғамдық көлікті пайдаланатын жеңілдікпен жүрушілердің нақты санын шығаруға мүмкіндік береді, - дейді ТКШ бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ. Болашақта қалалық билік «Электронды билет» жобасын енгізуге ниеттеніп отыр. Алайда оның мерзімі туралы айтуға әлі ертерек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 маусым 2015, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.