Атырау, 25 қараша 19:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Жапонияда жанартау оянды: Атқылаған сәті видеоға түсірілді

2 863 просмотра

Image 029 мамырда Жапонияның оңтүстігінде Кутиноэрабудзима аралы Кагосима префектурасында Синдаке жанартауы атқылай бастады, - деп хабарлайды РИА Новости елдің Бас метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап.

Жанартау биіктігі қауіптіліктің бесінші деңгейіне жеткендіктен, тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр. Аралда 137 адам тұрады.

Қара түтін мен күлдің қалдығы жергілікті уақыт бойынша сағат 9.59-да (Астана уақытымен сағат 06.59) бақылау камерасына түсіп қалған. Күлдің биіктігі 9000 метрге дейін жетті.

Жанартаудың атқылауына байланысты Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ кеңсесінің дағдарыс орталығымен жедел штаб құрылды. "Жақын арада жанартау бұдан да қатты атқылауы мүмкін", - деді басқарма төрағасы.

Соңғы уақытта Жапонияда жанартау атқылауы көптеп тіркеліп отыр. Өткен жылдың қыркүйегінде Нагано префектурасында Онтакэ жанартауы оянып, 57 адам көз жұмды. Екі айдан кейін елдің оңтүстігінде Асо жанартауының соңғы 19 жылдағы ең үлкен атқылауы болды. Мамыр айының басында Токио маңындағы Хаконе тауында жанартау оянды.

Ғалымдардың айтуынша, Жапонияда Фудзи жанартауы қайта оянуы мүмкін. Оның салдары Токио қаласында да сезіледі деп күтіліп отыр. Жанартаудың оянуы 120 миллион адамның өміріне қауіп төндіріп тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 мамыр 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.