Атырау, 28 қараша 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Картоп отырғызу тиімді

7 076 просмотра

Мұрағаттан алынған суретМұрағаттан алынған сурет

2015 жылы Атырау облысында өткен жылғыға қарағанда сәл көптеу жерге - 6 мың гектар алаңға егін егілетін болады.

Көкөністер, бақша, картоптарды егу алаңы өзгермеді деуге болады. Бір айырмашылығы – биыл Қызылқоға ауданынының аграрлары дәнді-дақылдар мен май алынатын дақылдар өндірудің тиімсіз тәжірибесінен бас тартты. Бұл туралы облыстық әкімдік кеңесінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым РЫСҚАЛИЕВ хабарлады.

Аграрларға егістік жұмыстарына арзан солярка бөлінеді. Рысқалиевтың айтуынша, баға әлі бекітілмеген. Ақпан айында солярканың бір тоннасы 90 мың теңге, наурыз айында – 82 мың теңге болған. Облыс бюджетіне «жанар-жағармай және агроөндірушілердің материалдық базасын жақсарту» бабы бойынша 92 млн теңге салынған. Минералды тыңайтқыштарға облыс бюджетінен 35 млн теңге бөлінді.

Жеміс бағын егу кезіндегі шығындарды субсидиялауға үш өтінім берілген. Бақшалар Атырау қаласының ауылдық округтерінің 10 гектарына, Құрманғазы ауданының 10 гектарына және Махамбет ауданының 22 гектарына отырғызылатын болады.

Облыс бюджетінен бір тонна гербицидті – арам шөптерді жоюға арналған химиялық препараттарды сатып алуға 6 млн теңге бөлінді. Бүгінде басқармаға химиялық заттарды қолдануға Махамбет ауданының аграрларынан тек бір өтінім ғана түскен.

Басқармаға 3 739 гектар егістікті суаруға өтінім түсті. Бұл шаруалардың жартысына жуығының суару келісімшартын ресімдеуге асықпай отырғанын білдіреді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың суару шығындарын субсидиялауды 80 пайыздан 60 пайызға дейін қысқартпақшы. Өзгеріс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Суару шығындарының басым бөлігін облыстық бюджеттің өтеп отырғандығына қарамастан, облыстағы жеті ауданның төртеуіндегі су пайдаланушылар сумен қамту мекемелеріне алдын ала 50 пайыз төлем жасаудан жалтарады. Биыл суару қарыздары болғандықтан шаруаларды субсидия алу құқығынан айыратын боламыз, - деп қоқан-лоққы көрсетті Рысқалиев.

Ол аграрларды егістік жұмыстарына қорықпай кірісе беруге шақырды. Өсімдік шаруашылығы бойынша субсидиялардың барлық нормалары бұрынғыша қалды. Жазда облыс көкөністермен және бақша дақылдарымен тұрақты қамтылды. Жергілікті шаруалар тек картоп сұранысын ғана жаба алмай отыр. Сондықтан облыс басшылығы «екінші нанды» өсіру сусбсидиясын бір гектарға 70 мың теңгеге дейіне көбейтуге шешім қабылдады. Осының есебімен картоп өсірушілерге едәуір табыс табуға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 наурыз 2015, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.