Атырау, 28 қараша 07:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қансорғыштар текке қорқыпты

3 165 просмотра

Өткен жылдың шілдесінде қалалық мәслихат сессиясында Атырау қаласының жақында тағайындалған әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ облыс орталығы мен қала маңындағымасаларды құрту шаралары тендердің кешеуілдеуі салдарынан кеш басталғандығын мойындап, 2015 жылы дәрілерге бөлінетін қаржылар 300 млн теңгеге дейін көбейетін болады, ал тендерді алдын ала, ақпан айында өткіземіз деп уәде берген болатын Әкім маса мен қоқыс түтінінен құтқарады»).

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың жазында «мұнай астанасының» көшелерінде масалар қаптап жүрді. Энтомологтардың пікірінше, олардың көбеюіне өткен жылдары «Ақжайық» табиғат резерватындағы ауқымды қамыс алаңының өртенуі әсер етіп, теңіздің aedes caspius масасы тікелей қалаға қарай лап қойған. Атырауда Еркінқала округіндегі фермерлік қожалықтардың бірінде масалар қояндарды өлгенше талап тастаған. Сaspius масасының қаладағы бауыры culex pipiens-тен айырмашылығы тәулік бойына дамылдамайды. Сондықтан өткен жылы мамыр айынан бастап шілдеге дейін Атырау тұрғындары, әсіресе теңіз маңындағы Дамбы, Ракуша, Еркінқала, Курилкин поселкелерінің тұрғындары тамұқта өмір сүріп жүргендей күй кешті.

Аталмыш мәслихат сессиясында Еркінқала әкімі Ерғали ТАПАНОВ биліктен шұғыл арада резерват аумағын өңдей бастауды өтініп, масалар ең көп шоғырланған учаскені -  Каменный қолтығын көрсетті.

Өткен жылы масалардың көбеюіне сонымен қоса күшті су тасқыны да себеп болды, соның салдарынан «Ақжайық» резерватында 9 мыңдай гектар жер суға кетіп, жәндіктердің дернәсілдері үшін керемет инкубаторға айналды. Су шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВТЫҢ айтуынша, биыл тасқын суы шамамен өткен жылғы көлемнен екі есе аз болады.

Егер қазір Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 30 текше метр жылдамдықпен су құйылатын болса, 1 сәуірден бастап бұл көлем сужинап, жазда қалыпты режимге оралу үшін екі есеге аз болады.

– Атырау шеңберіндегі Жайық өзенінде 2015 жылы су көп тасыған кезеңде 400 сантиметр деңгейде болады деп күтілуде. Бұл нормадан 55 сантиметрге аз және өткен жылғы тасқын деңгейінен 67 сантиметрге төмен. Сондықтан «Ақжайық» резерватының тек оның азғана бөлігін ғана су басатын болады, - деп хабарлады Б.Қуанов.

Ал Атырау мен қала маңындағы үйлердің жертөлелері мен су тоғандарын дәрілеуге бөлінетін қаржы жылдан жылға азаюда. 2013 жылы 89 млн теңге, 2014 жылы 80,3 млн, 2015 жылы мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметтерге қарасақ, 71,4 млн теңге бөлінген.

Біз Нұрлыбек Ожаевқа қоңырау шалып, неліктен қаржыландыруды тағы да кесіп тастағанын сұрадық. Әкім өткен жылы есте қалған жаздан кейін масаларға «әуеден шабуыл жасау», яғни, дельтапландардың көмегімен өңдеу жоспарланғандығын айтты. Бірақ кейіннен «қаржы бөлуді қысқартуға тура келген». Алайда «сәл мүмкіндік болса қосымша қаржылар бөлінетін болады» деді.

Ал тендер қашан өткізіледі? Мемлекеттік сатып алулар сайтында оған «AG Disinfection services», «Дезинфекция Нұр-Ару», «Атырау облыстық дезинфекция», «Биоген-Инжиниринг Лимитед», «Лидер-Консалтинг-Групп», «Магтоксин», «НПЦ Эко Аналитик» ЖШС-тері және «Здоровое поколение» жеке медициналық мекемесінің қатысатындығы көрсетілген. 6 наурызда үміткерлердің өтініштері салынған пакеттер ашылды. Облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ мердігер наурыздың аяғында баға ұсыныстары қаралғаннан кейін анықталатындығын хабарлады.

Ал егер өткен күнге кері шегініс жасасақ, 2005 жылы масалар құжынап кеткеннен кейін билік 2006 жылдың бюджетінде тосқауылды өңдеу жұмыстарына (барьерная обработка) әжептәуір қаржы қарастырған еді. Онда қала маңы мен жабайы масалар көбейген жерлер арнайы препараттармен өңделді. Осының және тұрақты өңдеудің арқасында қаламыз шыбын-шіркейлерден жеті жыл демалып қалды. Қаржыландырудың азаюы қайтадан проблеманың туындауына әкелді.  

Егер тендерді ақпан айында өткізгенде, қазір үйлердің жертөлелерін өңдеуге кірісіп, ал күн жылынғанда тоғандарды өңдей бастар еді. Алтын уақыт өтіп жатыр...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 наурыз 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.