Атырау, 23 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжірибелі сарапшылар қыр-сырына үйретеді

2 233 просмотра

«Неміс экономикасы қорының «Аға сарапшылар қызметі» (SES) жергілікті фирмаларға кәсіпорын жұмысын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге және ТШО тендерлеріне қатысушылардың қатарына қосуға көмектесе алады», - деп растайды өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан ҒАНИМҰРАТ.

Бұл туралы әңгіме кәсіпкерлер мен жоғарғы оқу орындары және орта оқу орындарының басшыларының «Аға сарапшылар қызметі» өкілі Яна ТИХОМИРОВАМЕН кездесуі кезінде айтылды. Кездесуді 6 наурызда Атырауда өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

Таяу күндерде ғана жыл сайын өтетін «Казнефтесервис-2015» конференциясында ТШО біздің кәсіпорындарымыздың өтінімдерін қарауға әзір екенін растаған еді. Алайда іс жүзінде олар орындалмайтын талаптар қойып отыр. Теңіздегі Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен басқа ірі мұнай жобалары – бұл өз ережелері мен шарттары бар мемлекет ішіндегі мемлекет деуге болады. Шақырылған тәжірибелі сарапшы жергілікті кәсіпкерлерге кедергілерді жеңуге көмектеседі деп ойлаймын, - деп есептейді Нұржан Ғанимұрат.

Ол сарапшыны таңдау кезінде ірі мұнай компанияларының талаптарының ерекшеліктерін ескеруге де кеңес береді. Мәселен, жақында ҰКП бізге сарапшы – Швейцариядан келген дәнекерлеушіні шақырды. Өйткені, оның дәнекерлеудің американдық AWS стандарты бойынша тәжірибесі мол екен. Европалық EN стандарты да бар, алайда бізде мұнай саласында ағылшын-саксондық компаниялар басым болғандықтан бірінші нұсқа дұрыс болған. 

SES – бұл зейнеткерлік жастағы бұрынғы басшылық қызметте болған қызметкерлер мен мамандарды әлемнің түрлі елдеріндегі жобаларға жіберетін германдық қоғамдық жетекші ұйым. Мұндай қызметті құру идеясы ірі неміс кәсіпорындарының басшыларында 1970 жылдардың аяғында пайда болған. Ұқыпты немістер мамандарға жүктелген барлық күш пен тәжірибе олар зейнеткерлікке кеткен кезде зая кетеді деген ойға көндіге алмаған. Ел үкіметі өнеркәсіпшілерді қолдап, нәтижесінде 1983 жылы аға сарапшылар қызметі пайда болды. Ұйым үкіметтік емес болса да, мемлекет оның қызметін белсенді түрде қолдайды. SES жұмысын бастағанда әлем бойынша 38 мыңнан астам жобалар жүзеге асырылды, қызмет құрамында 11 мыңнан астам маман бар. Олардың барлығы еріктілер және олар тегін жұмыс жасайды.

Кейбіреулері егер олар осындай жақсы мамандар болса, неліктен сіздер олардың тәжірибесін Геррманияда пайдаланбай, оларды шетелге жібересіздер дейді. Іс жүзінде ардагерлер тәжірибесінің 60 пайызы елдің өзінде пайдаланылады, - дейді Яна Тихомирова.

Демалыстағы кәсіпқойлардың дерекқорына зейнеткерлердің бәрін бірдей қоса бермейді. Іріктеу кезіндегі басты белгілер – кәсіпқойлық, тапсырыс берушілердің қызығушылығы, қаржылық тәуелсіздік (сарапшы пара үшін әлдебіреулердің мүддесін қолдамайтындығына сенімділік береді), тіл білуі, әлеуметтік біліктілік (өз елінен тысқары жерде түрлі тіршілік деңгейіне бейімделе білуі) талап етіледі. Бұл маңызды талап, өйткені кей кездері сарапшыларға бөгде елде болу уақыты шектеулі болғандықтан, өте аз мерзімде бейтаныс ұжымдардың жұмысына кірісіп кетуге тура келеді. Қазақстанға, мәселен, визалық режимге байланысты сарапшылар 3-4 аптаға келеді.

Герман сарапшылары жүзеге асыратын қолдау бағдарламаларының арасында әсіресе басшылар мен қатардағы қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыруды талап етеді. Соңғы кездері бизнесті басқарудың заманауи әдістемесін дамыту, өткізу каналдарын, маркетингтік стратегияларды реттеу, технологиялық процестерді оңтайландыру секілді бағдарламалар сұранысқа ие. Көбінесе сарапшылар қандай жабдықтар сатып алу керек деген кеңестер беріп қана қоймай, сатып алудың қымбат емес және сенімді жолдарын айта алады. Фирма жабдықтарды сатып алғаннан кейін сарапшылар тағы да келіп, оны іске қосып, онымен жұмыс істеуді үйрете алады. Мұндай бірнеше мәрте, кезеңдік келу сапарлары да кең таралған және мұны сарапшылар қызметі де қолдайды.

Қазақстандағы тағы бір өте қажетті бағыттың бірі – сервисті жақсарту, әсіресе ол қонақ үй мен мейрамхана бизнесінде қажет. Өткен жылы SES бағдарламасы бойынша 1590 рет шетелге шығу сапарлары ұйымдастырылып, Германияда 1700 жоба жүзеге асырылған.  Еуропада, ТМД-ны қосқанда сарапшылар анағұрлым сұранысқа ие болды. Осы европалық сегментке Қазақстан да енді. Біздің республикамыз дағдарысқа байланысты экономиканың өсу қарқынының біраз төмендегеніне қарамастан, ТМД-да SES сарапшыларының келу саны (82) бойынша бірінші орында тұр. Бір қызығы, Ресейде осындай мерзімде бар болғаны екі жоба жүзеге асырылып отыр.

2010 жылға дейін Ресей жыл сайын 100-ден астам сарапшыны шақырып, көш басында болған еді. Алайда аталмыш мерзімнен бастап Ресей жобасына Германия үкіметінің бюджеттік ақшасын жұмсауға біздің құқығымыз жоқ. Бұл белгілі бір елдің өте тиімді шартқа ие болған мерзімі өте көп еместігін және мұны пайдаланып қалу маңызды екендігін білдіреді. Біртіндеп елдер дамып, қолдау бағдарламасынан кетеді. Біз, әрине, осындай елдің аумағында әрі қарай да жұмыс жасай аламыз, бірақ ол кезде ақылы болады, - деп атап өтті Яна Тихомирова.

SES жобаларының жартысына жуығы шағын және орта бизнестің еншісіне тиесілі. Содан соң мемлекеттік, жеке білім беру және медициналық мекемелерге қолдау көрсетіледі. SES көмегіне ниет білдірушілердің барлығы жүгіне алады. Алайда қызмет әскери бизнеске, полицей құрылымдарына, стартаптарға қолдау көрсетпейді. Германияда Қазақстандағы және кейбір басқа елдердегідей табысты бизнес қожайыны аяқ астынан мүлдем жаңа және бұрынғы кәсіпорнына еш байланысы жоқ істі ашатын тәжірибеге еш үйрене алмады. Бірақ бүгінде қор өздерін көрсете білген бизнесмендердің жаңа бағыттарын да қолдауға әзір.

SES сарапшыны таңдаудың және жобаны әзірлеу, кәсіби және медициналық сақтандыруды рәсімдеу, маманның бару-келу ұшақ билетінің барлық шығындарын өз мойнына алады. Мекендеу ақысы, тамағы, жергілікті көлік шығындарын, күніне тәуліктік 5 еуро мен аудармашы ақысын төлеуді қабылдаушы тарап өзіне алады. Егер әңгіме мектептер мен колледждер туралы болса, олар тамақтану төлемі мен тәуліктік ақы төлеуден босатылады. ҮЕҰ мен әлеуметтік мекемелер үшін SES сарапшының мекендеу ақысын немесе аудармашы қызметін төлей алады.

Яна Тихомирова Қазақстанның түрлі қалаларындағы сарапшылардың жұмыс тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. Атырауда былтыр және биыл үш сарапшы оқыту жүргізген. «Болашақ К» ҮЕҰ 30 жылдық өтілі бар реабилитолог Аннет ХАЙНТЦТЫ («Оңалтуды ерте бастау керек»)шақырған. Өндіріс шеберлерін оқыту үшін бізге аспаздық өнер сарапшысы Георг МЕДИНГ келді Германдық аспаздың сабақтары"). Осы жақын арада ғана дәнекерлеу бойынша дипломды оқытушы Макс Герман ХОЙЗЕР мастер-класстар өткізді Дәнекерлеу профессорының сертификаттары»).

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

10 наурыз 2015, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.