Атырау, 23 қараша 12:16
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Германдық аспаздың сабақтары

2 473 просмотра

Атырау колледждерінің 14 оқытушысы халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс экономикасы қорының «Аға сарапшылар қызметі» сертификатын алды.

23 қыркүйек пен 10 қазан аралығында педагогтар - колледждердің пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлері кәсіби аспаз, аспаздық өнер бойынша аға сарапшы Георг МЕДИНГ (суретте) (Германия) өткізген аспаздық өнерден шеберлік дәрісінен өтті. Шараны Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Бұл - палатаның халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткізген алғашқы шеберлік дәрісі. Аға сарапшылар қызметі (SES) – бұл Неміс кәсіпшілігінің федералды одағы, жұмыс берушілер одағы бірлестігі, сауда-өнеркәсіптік палаталары және Қолөнершілердің орталық одағы бірлестіктері қаржыландыратын құрылым. SES сарапшылары медицина, білім беру, аспаздық және т.б. салаларда танылған, қазір зейнеткерлікке шыққан мамандар болып табылады.

Георг Медингтің шеберлік дәрістері неміс, француз, итальян және испан асханасы тағамдарын дайындаудың құпияларына арналды. Жергілікті колледждердің шеберлері штрудель, круассан, маффин, сорпа, ыстық тағам, түрлі тұздықтар мен десерттер дайындауды үйренді.

- Аспаз болу – үлкен өнер. Осы шеберлік дәрістері арқасында кулинариядан сабақ беретін оқытушыларымыздың білімдеріне білім қосылды. Алған дағдыларын олар студенттерге беретін болады, - дейді Атырау сервис колледжі директорының орынбасары Жанаргүл ҚОЙШЫҒҰЛОВА. Директор орынбасарының өзі де Георг Медингтің дәрісінен өтті.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан ҒАНИМҰ-РАТТЫҢ айтуынша, алға қарай палата металл жонушы, слесарь және дәнекерлеушілердің біліктілігін арттыру үшін шетелдік мамандарды шақырмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.