ALASHAINASY.KZ «Ланкестік пен Пайғамбар карикатурасы... немесе осы екі арада байланыс бар ма?» - Соңғы бірнеше күннен бері Францияның берекесі қаша бастады. Кеше Париждің іргесінде бейсенбі күні болған атыстың салдарынан бір полицей әйел қаза тапты. Франция прокуратурасы бұл оқиғаның да террорлық әрекет екенін мәлімдеді.
«Еуроодақты күтіп тұрған үш сынақ» - Биыл Еуропа Одағы құрамындағы екі елде сайлау өтеді. Ресейге санкция салу шешімі де одақ мүшелерін екіге жарып тұр.
«Тарифтердің өсуіне негіз бар ма?» - Жаңа жыл басталысымен-ақ, «тарифтер өседі екен» деген сыбыс көбейіп кеткен еді.
AIKYN.KZ «Жаңа ереже жақсы болмай тұр» - Қазір қай қалаға барсаңыз да автокресло іздеп сабылып жүрген адамдарды кездестіресіз. Әрине, бәрінің іздеп жүргені – құны арзан оңтайлы автокресло.
«Поэзия сәулесі» - Басқа дауа жоқтай, жер басып жүрген пенденің шаттанған шақта өлеңнен қуаныш тауып, қайғырған кезде шерлі жүрегін неге өлеңмен жұбатады?
«Ұлтқа оралудың орайсыздау жолы» - Бір іске кірісерде адамның басында тәп-тәуір ой, ақ-адал ниет болуы әбден мүмкін. Әсіресе, ол іс көптің назарын аударатын, талқылауына көп түсетін шаруа болса.
«АҚШ амалдап тұр» - АҚШ-тағы тақтатас (сланцы) мұнайын өндіру қазіргі күні тығырыққа тіреле бастады. Себеп белгілі. Мұнай бағасының құлауы, өндіру құны тым жоғары (50-80 доллар арасы) тақтатас мұнайына көп ұзамай нүкте қоюы да мүмкін.
TURKYSTAN.KZ «Суға батқан кемелер, опат болған бейбақтар...» - Өткен жылы осындай жағдай жиі қайталанды.
AZATTYQ. ORG «Құмалақшыны қорқытқан «діндар» сынға ұшырады» - Бал ашып отырған әйелдің алдындағы құмалағын теуіп шашып, өзіне доқ көрсеткен ер адамның әрекетін интернет қолданушылар да, дінтанушылар да сөкті.
«Франция қандай азаматтарынан айырылды?» - Париждегі Charlie Hebdo журналына жасалған террорлық шабуылдың кесірінен Франция талантты карикатурашыларынан айырылды.
«Назарбаев Берлинге неге барады?» - Қаңтардың 9-ы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі. Осыған орай саясаттанушы Расул Жұмалы Астананың Украина дағдарысын реттеудегі рөлі жайлы ойларын айтты.