Атырау, 26 қараша 15:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандық БАҚ редакциялардың күзетін күшейтудің қажеттігі жоқ, деп есептейді сарапшы

2 361 просмотра

liter.kzliter.kzАлматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Париж журналына жасалған шабуылдан соң қазақстандық БАҚ редакциялардың күзетін күшейтудің қажеттігі жоқ, деп есептейді сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» халықаралық қор президенті Тамара Калеева.

«Меніңше, Қазақстанда ондай оқиға орын алуы мүмкін емес деп үміт етемін. Біріншіден, біздегі БАҚ-тар өте сақ, және бақытымызға қарай, фанаттар өте аз, бірақ олар жоқ дей алмаймын. Сондықтан редакцияларда, айталық, қорғаныс министрлігіндей, күзет қою керек дей алмаймын. Редакциялар – әр кез ашық мекемелер, онда адамдар келіп жатады, оларды қалайша оқшаулайсыз?», - деді Т. Калеева бейсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.

Бұл ретте ол барлық бірдей редакцияларда күзет жалдайтын жағдайлары жоқ екенін атап өтті.

«5-6 адамнан тұратын редакциялар бар. Оларда қандай күзет болуы мүмкін? Олардың барлығы бір кабинетте отырады. Үлкен редакцияларда, мемлекеттік редакцияларда, күзет қана емес, оларда өткізу рұқсат қағаздарын беретін бюролар да бар. Бірақ мен, егер терроршы біздің редакциялардың сақ күзетін алдағысы келсе, олар оны еш қиындықсыз іске асырар еді деп ойлаймын», - деді ол.

Т. Калееваның айтуынша, террорлық шабуыл болады екен деп жұмыс жасау мүмкін емес.

«Бұл бүкіл әлемдік проблема – фанаттардың төзімсіздігінің себебі қараңғылықтан, әлеуметтік, саяси және басқа да әлемдік проблемалардан туындайды. Бірақ әр кез идея үшін адам өлтіруге дайын есуастарға алаңдап жұмыс істеу мүмкін емес. Редакция өз бағытын, өз ұстанымын, қандай тәуекелге баратынын өз еркімен айқындайды. Әрине, ұрынбау керек. Егер қандай да тақырыпты жауып тастасақ, ол шектеу тез таралып, ананы жазуға болмайды, мынаны жазуға болмайды деп кетер еді», - дейді ол.

Т. Калееваның пікірінше, париждік редакцияға жасалған шабуылды жекелеген журналистикаға емес, жалпы террорлық актіге жақтықызу керек.

«Себебі ол террорлық акті. Ол фанаттардың Мұхаммедтің карикатурасына деген кек алуы. Яғни, бұл қазір әлемнің әр түкпірінде орын алып отырған террорлық актілер тізбегінің бір буыны. Бұл оқиға, әрине, сорақы оқиға, бірақ Ресейде, Еуропада, Америкада да орын алған оқиғаларды, мектептердегі атыстарды еске алып көрейікші, қанша оқиға орын алды. Олардың барлығын журналистикадағы деп емес, жылпы террорлық актілер тізбегінде қарастыруымыз керек», - деді ол.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Париж уақытымен 11.30 сағатта, Калашников автоматымен және граната атқышпен қаруланған, беттеріне перде киген беймәлім адамдар француздық Charlie Hebdo апталық редакциясында атыс жасап, белгісіз бағытта жасырынып кетті. Нәтижесінде 2 полицей мен редакцияның 10 қызметкері қаза болды. Олардың арасында белді карикатуршылар мен сықақ басылымның басшылығы болды. Мысалы, қаза болғандар арасында Стефан Шарбонье (лақап аты Charb), Жан Кабю (Cabu), Жорж Волински, Бернар Верльяк (Tignous) бар. 80 жасар Ж. Волински мен 76 жасар Ж. Кабю 1969 жылдан бастап шыға бастаған журналдың негізін қалаушылар еді. С. Шарбонье басылымның бас редакторы тұғын.

Одан басқа, шабуыл нәтижесінде 11 адам жарақат алды, олардың 4-еуі ауыр халде жатыр.

Шабуыл жасағандар «Аль-Каида» немесе «Ислам мемлекетті» тобына қатысты топтармен байланысты болуы мүмкін деп болжануда. Куәлардың айтуынша, шабуылдауылар «Біз Мұхаммед үшін кек аламыз!» деп айқайлаған.

Charlie Hebdo редакциясы 2011 жылы пайғамбар Мұхаммедтің карикатурасын жариялағаны үшін шабуылға ұшыраған. Кейін де журнал жариялап отырған материалдарға сын естігін.

Франция президенті Франсуа Олланд осы оқиғаны террорлық акті деп атады. Францияда антитеррорлық Vigipirate жоспары аясында дайындықтың ең жоғарғы деңгейі енгізілді.

Бұл терракті Францияда 1995 жылдан бергі ең ірі терракті болды. Ол кезде Париж метросында орын алған жарылыстардан 8 адам қаза болып, 179 адам жарақаттанған болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

8 қаңтар 2015, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.