Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда қазақ тілін үйренуге арналған Soyle.kz мобильді қосымшасы мен «Балаларға арналған қазақ тілі» балаларды дамыту порталының тұсауы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Астанадағы мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz мобильді қосымшасы, қазақ тілінің онлайн-курсы мен «Балаларға арналған қазақ тілі» балаларды дамытуға арналған жаңа Bala.soyle.kz порталының тұсауы кесті», - делінген дүйсенбі күні брифингіде таратылған материалда.
Soyle.kz мобильді қосымшасының ерекшелігі оның көмегімен қолданушылар мемлекеттік тілді жеңіл әрі қолжетімді формада мүлде тегін үйрене алатындығында.
«Қосымшаға Soyle.kz порталының барлық бөлімдері, сондай-ақ тематикалық принцип бойынша ұйымдастырылған 3500-ден астам сөз бен ауызекі сөйлесімде қажетті 700-ге жуық фразалардан құралған «Тематикалық сөздік» атты жаңа бөлім енген. Барлық сөздер тақырыпшыларға ыңғайлы етіп бөлінген, ол адам тіршілік әрекетінің белгілі бір түріне жататын тілдесудегі бүкіл ең қиын фразаларды кезең-кезеңдеп есте сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қосымшаны Android операциялық жүйесі бар смартфондарға жүктеп алуға болады. 2015 жылы iOS платформасына шығады де п жоспарлануда», - деп атап өтілген хабарда.
Атап көрсетілгендей, Soyle.kz ол – 2013 жылдың желтоқсанында ашылған қазақ тілін үйрететін тұңғыш тегін онлайн-курс. Порталдың бір жылдық жұмысы кезінде оның қызметін елдің барлық өңірлері мен шетелден 250 мыңнан астам қолданушы пайдаланған, ал сайтқа тіркеліп, оқып жатқандардың саны осының өзінде 16 мың адамдай.
«Аталған портал ол – Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамыту, ендіру мен оның қазақстандық қоғамдағы мәртебесін көтеру жөніндегі қойған міндеттеріне келісті жауап беру үшін жасалған заманауи IT-жоба», - деп көрсетілген хабарда.
Одан бөлек, «Балаларға арналған қазақ тілі» балаларды дамытуға арналған жаңа Bala.soyle.kz порталы таныстырылды. Ол мектепке дейінгі балаларды қашықтан оқытуға арналған онлайн-сервис. Портал сөздік қорды байытуды, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қалыптастыруды мақсат ететін дамытушы және үйретуші онлайн-ойындардан тұрады.
«Балақайлар әліпбимен танысып, аудио-сөздіктің көмегімен жаңа сөздер жаттай алады, санап үйренеді, сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін үйренеді», - деп атап өтілген ақпарда.
«Ертегілер», «Сандықша» және «Ойындар» секілді сондай қосалқы бөлімдерде балалар қазақ тілінде мультфильмдер тамашалап, ертегілер тыңдап, санамақтар жаттай алады және т.б.
Дереккөз: ҚазТАГ