Атырау, 19 желтоқсан 14:17
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Ресейге майлы етті ұсынып, өзіміз сорпа сораптап қалмаймыз ба?". "БҰҰ Астананы адам азаптауды доғаруға шақырды". "Жетімнің қалтасына қол салған тәрбиешінің “қылмысы”". "Ұстаз үні және бала ойы – “Полицей болам, левыйы көп қой!”".

1 905 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «1986 жыл: көтеріліс пе, оқиға ма, толқу ма?» - Қазақ баласы 300 жыл бойы отарлау саясатының тегеурінді тепкісін көрді. Сол 300 жыл ішінде саңлақтарымыз азаттық үшін империяға қарсы шығып, 300-ден астам (кейбір деректерде 400-ге жуық) ірілі-ұсақты көтеріліс жасады. Әрине, Хан Кененің қарулы қарсылығымен басталған күрестің нүктесі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен соң қойылып, бабалар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

«Халыққа ІРО акцияларын сатып алу қажет пе, жоқ па?..» - Осыдан біраз бұрын қазақстандық қор нарығын дамытудың «Халық ІРО» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Осы үлгідегі алғашқы ІРО – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың акциялары өзінің алғашқы салымшыларына жақсы табыс әкелді.

«Ресейге майлы етті ұсынып, өзіміз сорпа сораптап қалмаймыз ба?» - Қазақстан келер 2015 жылы Ресейге ет экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізуі керек. Ол үшін қазірде ел ішінде 60-қа тарта мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Ресейді сапалы өніммен жарылқаймыз деп, өзіміз сүйек-саяқ кеміріп қалмаймыз ба?» деген сауалдарға жауап іздеп көрген едік.

AZATTYQ.ORG. «Компартия мүшелерін қайта санауды тоқтата алмады» - Әділет министрлігі оппозициялық Қазақстан компартиясы мүшелерінің санын тексеріп жатыр. Партия басшылығы мұны биліктің партияны «біржола» жабуға тырысу әрекеті деп санайды.

«БҰҰ Астананы адам азаптауды доғаруға шақырды» - Қазақстандағы азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясы белсенділері түрмелердегі азаптау проблемасына қатысты зерттеу нәтижелерімен таныстырды. БҰҰ құқық қорғаушылары сияқты олар да «ел билігі азаптауға қарсы тиісті деңгейде күреспейді» дейді.

QAMSHY.KZ. «Жетімнің қалтасына қол салған тәрбиешінің “қылмысы”» - Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан әрбір балаға мемлекет жыл сайын 1,5 млн. теңге төлейді екен. Аз емес. Алайда сол ақша толығымен баланың өсіп-өнуіне жұмсалмайтындығын түрлі тексерістер анықтап отыр.

«Ұстаз үні және бала ойы – “Полицей болам, левыйы көп қой!”» - Бұл әңгімені бала қайдан естіді?Ең нашар деген мұғалімнің өзі балаға «левыйы көп мамандық жақсы» деп үйретпейтіні белгілі. Яғни, баланың отбасыда көргені мен мектепте алған тәлім-тәрбиесі қабыспай жатыр. Осыдан-ақ, «құндылықтардың» орны ауысқан мына заманда, кейбір отбасылардың балалары үшін кімнің «идеал» екенін өздеріңіз саралай беріңіздер.

3 желтоқсан 2014, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.