ABAI.KZ. «Әміржан Қосанов: “Халықшыл болу үшін ұлтшыл болу керек!”» - Кез келген билік ішінде осындай ауыс-түйіс болып жатады. Оның ешқандай сөкеттігі жоқ. Алайда бізде, Қазақстанда, жоғары жақтағы кадрлық өзгерістерді жақындап қалған президенттік сайлау мен алдағы постназарбаевтік кезең тұрғысынан қарастыру қажет.
«Ұлттық идеологияның темірқазығы мемлекеттілік» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда.
QAMSHY.KZ «Батыс сарапшылары: Қытай экономикасының әлсіреуі әлемге әсер етеді» - «Ассошиэйтед Пресс» сарабы: Қытай экономикасының қарқыннан жаңылуы ғаламдық экономиканы қансыратуы мүмкін.
SHYN.KZ «Бас прокуратураның М.Әблязов туралы мәлімедемесі» - Барынша көлемді және күрделі қылмыстық істердің бірі болып табылатын бұл қылмыстық істің көлемі екі мың томнан асады және 150-ден астам эпизодтан тұрады. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жасаған әрекеттерінен келтірілген шығынның анықталған сомасы 7,5 млрд. АҚШ долларынан асады.
AZATTYQ. ORG «Кремльдің ұлтшылдарға қатысты екіұшты саясаты» - Мәскеуде жылда қарашаның 4-і күні «Орыс маршы» деп аталатын сталиншілдер мен әсіреұлтшылдар тобының шеруі өтеді. Ресей билігі ұлтшылдарды өз мақсатына пайдаланғысы келеді.
«Целиноградтық неміс қызының жаңа отаны» - Қазақ жерінде туып, Германияда өскен Тамара Рейсиг Еуропарламент кеңсесінде жұмыс істейді. Азаттыққа сұхбатында ол Қазақстандағы балалық шағы мен Еуропадағы жаңа өмірі туралы әңгімеледі.
ALASHAINASY.KZ «Ипотеканы иіре алмадық, жалдамалы пәтерді ұқсатамыз ба?» - Осы уақытқа дейін бірқатар елдер «мәселенің мәнін келтіреміз» деп, тұрғын үй саласына көптеген жаңашылдық енгізіп келді. Бүгінде бұл салада «тұрғын үй ипотекасы, «тұрғын үй қоры», «жалдамалы тұрғын үйлер» деген терминдер жұрттың құлағына сіңісті болып та үлгерген.
«Жоңғар мен қазақты туыс деу қиын, бөтен деу – қате» - Кез-келген қысылтаяң шақта «ондықтарды» құраудан басталатын Шыңғысхан кезінен қалыптасқан әскери жүйе негізінде жұптарын жазбай, шоғырлана қоныстанған Жоңғария ойраттарының көшіп-қонған аймақтары төмендегідей болды.
«Қазақ тарихы қалай жазылуы керек?» - Тарихсыз халық болмайды. Тарихсыз кішкене тайпа да болмайды. Өйткені, ол аспаннан түскен жоқ. Адам баласы жаратылғаннан бері талай тарихты бастан кешірді.