Атырау, 20 маусым 05:59
 ашықВ Атырау +24
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

"ЕО мен АҚШ ұйғыр ғалымына сот үкімін айыптады". "Украина: соғыстан бәрі де шаршаған ба?". "Қазақстан өзінің емес, өзгенің жеріндегі мұнай зауытын неге жаңғыртты?". "Бензин нарығындағы берекесіздік. Үкіметтің жанармайды үнемдеу шарасы неге іске аспады".

1 663 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «ЕО мен АҚШ ұйғыр ғалымына сот үкімін айыптады» - Еуропа Одағы (ЕО) мен АҚШ Қытай билігінің танымал ұйғыр ғалымы әрі құқыққорғаушы Ильхам Тохтиге шығарған үкімін айыптады. 23 қыркүйекте Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласының соты Тохтиді сепаратизмге қатысты айыптап, өмір бойы түрме жазасына кескен.

«Оқушының «тегін асы» - кәсіпкерге салмақ» - Шымкенте әлеуметтік жағдайы нашар әр оқушы мектепте тегін тамақтануы үшін бюджет есебінен күніне 147 теңге бөлінген. Асханаға ас-су жеткізуші кәсіпкер бұл қаражаттың шығынын да жаппайтынын айтады.

SERKE.ORG. «Украина: соғыстан бәрі де шаршаған ба?» - Дүние жүзінің назарын өзіне қадап отырған Украинадағы жағдай - беделді бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбы. Соғыс аяқталды ма, жанжал қалай реттеледі, шындығында не болып жатыр? InoPressaның шолуы осыған арналған.

ALASHAINASY.KZ. «Бейнекамерамыз қайда "қаңғып" кетеді?» - Биыл жаз айында Юрмалада өткен «Жаңа толқын» байқауы жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны қатты есте қалыпты. Оған Әлішеріміз қатысып, соңғы орынға сырғып кеткені туралы емес айтпағымыз. Оларды мақтап, мақтауын асыру да емес көздегеніміз. Тек жақсысынан үйреніп, жаманынан жиренсек деген ой ғана біздікі.

«Қазақстан өзінің емес, өзгенің жеріндегі мұнай зауытын неге жаңғыртты?» - Бүгінгі бензин тапшылығы аясында отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың өзектілігі күшейе түсті. Қара бұқара осы тақырыпты талқылай келе, маңызды бір мәселеге тап болғандай. Өйткені, өз еліміздегі үш мұнай зауытын күрделі жөндеуден өткізіп, сапалы бензинді шығарамыз дегенімізге біраз уақыт болды.

TURKYSTAN.KZ. «Тісқаққан трейсерлер» - Қабырғамен жоғары өрмелеп, ту биік­тен төмен құлдилайтын, болмаса әр түрлі тосқауылдардан тосылмай секіретін сері­лерді шетелдің киноларынан ғана емес, Алматының көшелерінен де жиі көзі­міз шалады. «Еріккеннің ермегі» деп қолы­мызды бір сілтеп өте шығатынымыз бар. Алайда, олар үшін бұл іс өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Өкінішке қарай, экстремалды спорттың жастар арасында кең таралған түрі – паркур жайлы және оның тіс қаққан мамандары – трей­серлер туралы жұртшылықтың білері мардымсыз.

«Бензин нарығындағы берекесіздік. Үкіметтің жанармайды үнемдеу шарасы неге іске аспады?» - Компаниялар шығындар туралы айтса, онда өз қызметкерлерінің жалақысы, тартылған инвестиция көлемін жария етуге тиіс емес пе? Алайда қазірге дейін бұндай мәлімет қолға түсе бермейді. Жанармай нарығындағы ашықтық осы саладағы біршама былықтың бетін ашқан болар еді. Бірақ бұған жауапты ведомство – энергетика министрлігінің ынтасы болмай отыр.

«Ауыр жылдардың ащы шындығы. Бұрынғы «Ақ жолдан» бүгінгі «Оңтүстік Қазақстанға» дейін» - Қабырғаларыңмен кеңесіп, көздеріңді ашып, көңіл қойып қарасаңдар, жоғарғы айтқанның бәріне себепкер – өздерің. Қазақ-қырғыз еңбекшілері осы күнге шейін бастарың қосылмаған. Осы күнге дейін ауызбіршіліктерің жоқ. Осы күнге дейін ұйымдасу дегенді білмейсіңдер. Түркістан коммунистік партиясы Орталық комитеті мен Түркістан орталық Атқару комитеті 1920 жылы 19 қазандағы мәжілісінде «Қырғыз газеті туралы» мәселе қарап, осы екі биліктің органы ретінде «Ақ жол» газетін шығаруды ұйғарған еді.

24 қыркүйек 2014, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.