Атырау, 27 қараша 11:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сорғы станциясы суға кетті-2

2 419 просмотра

«АЖ» Жайық өзенінен Мостовой жырасына су айдау үшін орнатылған қымбат тұратын сорғы станциясының суға кеткені туралы бұрын хабарлаған еді Сорғы стансасы суға батты»).

Бір жылдан аса уақыт өткеннен кейін біз сол жерге қайта келгенбіз, ешқандай өзгеріс жоқ екен.

Атырау ықшамауданынан Еркінқала ауылына дейін арна салып, соның бойымен жасыл белдеу жасау көптен бері талқыланып, 2003 жылы облыс әкімі Серікбек ДӘУКЕЕВ кезінде 1,5 млрд теңге бюджет қаржысына салынған еді. Көгалдандырумен қатар бұл жыра Жайық өзеніне өр суы көп келген кезде суды азайту үшін де пайдаланылады деп жоспарланған. Ал жағалай қонған жеке үйлер арна суымен бау-бақшаларын суарар еді. Алайда уақыт өте жыраға артылған бұл үміт ақталмады. Жайықта бұрынғыдай «көп» су жоқ. Сонымен қатар, құрылыс салғанда инженерлік қателік жіберілген: арнаға су айдайтын қалта тайыз қазылыпты. Осыған байланысты шілденің ортасында қалтада су қалмай, сәйкесінше арнаға су келмеді. Осы мәселелені шешу үшін бюджеттен 170 млн теңге бөлінді және осы қаржыға жүзбелі сорғы станциясы мен шлюздер сатып алынды. 2012 жылы сол кезде арнаға қызмет көрсететін «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС басшылығы суды Мостовой жырасынан алатын суару жүйесі құрылысын салу туралы жоспарларымен бөлісті. Суарма сумен Атырау ықшам ауданын, Молдағұлова, Тайманов және Құрманғазы көшелерін қамтамасыз етіп, содан кейін су құбырын мүмкіндігінше әрі қарай созу жоспарланды. Алайда, қымбат тұратын сорғы станциясы суға кетіп, жақын маңдағы тұрғын үй массивтері суарма жүйесінсіз қалды. Ал жыраның арнасы кеуіп, қамыс басып кетті.

Біз қалалық әкімдікке сұраныс жіберіп, қысқа да нұсқа жауап алдық: қазіргі уақытта арнаға Атырау ықшам ауданында тұрған екі сорғының көмегімен су жіберіліп жатыр. Мостовой жырасындағы су әуежай трассасы бойына отырғызылған жасыл шыбықтарды суаруға пайдаланылуда. Биыл арнаға «Шахадат» ЖШС қызмет көрсетеді.

- Жайық өзені суға толы болған жаз басында біз шлюздерді ашып, арнаны толтырдық. Қазір екі сорғымен күн сайын 10 мың текше метр су айдаймыз, - дейді «Шахадат» ЖШС директоры Сәбит ҚҰСПАНОВ.Қамыс пен қоқыс турасына келсек, біз біртіндеп арнаны тазалап жатырмыз. Жақында «Тума» базары маңындағы учаскені тазаладық, осылайша 21 шақырымға созылатын арнаны бойлап жүре береміз.

Биыл Мостовой жырасына қызмет көрсету үшін қалалық бюджет 9 млн теңге қаржы бөлді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.