Атырау, 19 сәуір 00:41
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Cорғы стансасы суға батты

2 030 просмотра

Ерік Мостовойға арнайы су айдау үшін орнатылған жүзбелі сорғы стансасы жартылай суға батқан. Кезінде ерік Мостовойды салуға бюджеттің 1,5 млрд теңгесі, ал одан кейін қайта жарақтауға – жүзбелі сорғы стансасы мен шлюздерді орнатуға тағы 170 млн теңге жұмсалған болатын.

Жайық өзенінің су деңгейінің төмендігі салдарынан соңғы жылдары канал өз қызметін атқармады деуге болады. Су тасқыны кезінде құйылатын су көп тұрғасын бұзылып, көгеріп, жазда иісі мүңкіген қоймалжыңға айналады. Бұл проблеманы жүзбелі сорғы стансасы шешуге тиіс еді. Алайда жаз ортасында су деңгейі күрт төмендеп кеткенде сорғы баржасы орнатылған жасанды «қалта» кеуіп, суды айдау мүмкін болмай қалды. Бұл проблеманы шешу үшін өткен жылы каналға қызмет көрсететін «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС су алатын «қалтаның» түбін тереңдетуді ұсынды. Бұдан басқа, оларда каналдан суару жүйесін салу жөнінде ұсыныстар түскен болатын. Соның арқасында суарма суымен Атырау ықшамауданының, Молдағұлова, Тайманов және Құрманғазы көшелерінің жеке үйлері қамтылған болар еді. Бірақ мұның бәрі ақыры жүзеге аспай қалды.

Біз қалалық ТКШ бөліміне хабарластық. Сөйтсек, бүгінгі күні каналмен іс жүзінде ешкім айналыспайтын болып шықты.  «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС‑мен келісімшарт мерзімі өтіп кеткен екен, ал жаңа мердігер әлі белгіленбеген. Қымбат тұратын жүзбелі сорғы стансасының су астында қалғаны туралы бұл жердегілер тіптен білмейтін болса керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.