Атырау, 24 қараша 10:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жарылыс болған шахтадағы жұмысшылар адам нанғысыз жағдайда жұмыс істеген

2 151 просмотра
Түркияда шахтада жарылыс болғалы үш күннен бері наразылық білдірушілер тынышталар емес. Қазір Стамбул, Анкара, Измир және басқа да ірі қалалардың тұрғындары ереуілге шықты. Ел астанасында 3 мың адам еңбек және энергетика министрліктерінің жанына жиналды. Стамбулда наразылыққа шыққандар метро стансасының алдына жиналып, көмір компаниясы мен үкімет ғимараттарының штаб-пәтерлеріне бет алды, деп хабарлайды hurriyet.com.

Апаттан аман қалған кеншілердің айтуынша, жарылыс болған көмір шахтасында жұмысшылардың қауіпсіздігіне мүлде жағдай жасалмаған. Шахтерлер апат болған жағдайда не істеу керектігін де білмейді. Жарылыс болған уақытта тәжірибесі жоқ жұмысшылар шахтадан шығуға ұмтыламыз деп, тұншығып өлді.

Ал тәжірибелі шахтерлер шахтаның түкпіріне ауа қалған бұрыштарға жасырынды. Кей деректерге сүйенсек, оператор компания шахтаны жабдықтау кезінде қаржыны үнемдеп, ескі-құсқы материалдар сатып алған.

Қазір жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары болған жағдайды мұқият бақылап отыр. Дәмханаларда, дүкендерде жаңалық тарататын арналар жұмыс істейді. Жарылыс ауысым кезінде болған. Апаттан аман шыққандар кері қайтып, жолдастарына көмек беруге тырысып жатыр. Бір отсектен 14 адамның мәйіті табылған. Оттегі маскасы барлығына бірдей жетпеген және ондағы жұмысшылар маскамен кезек-кезек демалған. Шахтаға ел президенті жеткен уақытта зардап шеккен жұмысшылар өздеріне емес, қаза болғандардың отбасыларына көмек беруді сұраған.

Түркия үкіметі оқиғаның мән-жайын анықтауға уәде етті. Сома қаласына жақын орналасқан Измирде оқиғаға наразы 20 мың тұрғын көшеге шықты. Ереуілдің соңы полиция қызметкерлерімен қақтығысқа ұласты, халық болған жайға үкіметті кінәлап отыр.

Қазіргі уақытта шахтаның астында қалып қойғандарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Түркияның Энергетика министрі Танер Йылдыз арандатушылар қайғылы жағдайды пайдаланбауы үшін үйінді астында тағы қанша адамның бар екенін жарияламай отыр. Алайда, қазірдің өзінде қаза болғандар саны 300-ге жуықтады.

Дереккөз: bnews.kz

 

16 мамыр 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.