Рүстем ӘЛБАҚАСОВ.«Ақ Жайық» газетінің редакциясына өз дереккөздерінен белгілі болғандай, сәуірдің аяғында Швейцария полициясы Қазақстан Республикасының азаматы, 1978 жылы туылған, еліміздің ең мұнайлы және газды өңірінің бұрынғы басшысы Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВТЫ ұстау операциясына нүкте қойды.
РФ Орынбор облысының тумасы Р.Әлбақасов 2006-2012 жылдары Атырау облысының әкімі болып тұрған кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырды, сондай-ақ, (үш қылмыстық топтан тұратын) ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықты құрып, оған басшылық етті деп айыпталған қайынағасына қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген болатын. 2012 жылдың күзінен бастап Бергей Рысқалиев өзінің туған інісі (ҚР парламентінің бұрынғы депутаты) Аманжан секілді (болжамға сәйкес, көптен бері отбасылары тұрып жатқан Лондонда) қашып жүр. Алайда сол күзде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «АЖ»-ның ресми сауалына «Ағайынды Рысқалиевтар шекарадан өтпеген», деп жауап берген болатын. Олар бірінен соң бірі ҚР қаржы полициясының желісі бойынша ресми іздеу жарияланғандар тізімінде тек 2013 жылы (алдымен экс-мәжілісмен, кейін экс-әкім) пайда болды.
Жалпы қазір Атырау сотында қаралып жатқан жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша (Экс-әкімнің ісі: Орындықтағы көлеңке) 14 адамға іздеу жарияланған болатын. Бүгінде олардың ішіндегі Олег ПАВЛИЧЕНКО Мәскеуде, Жанболат ДҮЙСЕНБАЕВ Ақтөбеде ұсталды. Сол кезде швейцариялық банктерде 100 млн-ға жуық еуро сақталған есепшоттар анықталып, оларға шектеу қойылғандығы туралы белгілі болды. Жергілікті полицияның жорамалы бойынша, бұл Рысқалиевтар әулетінің активтері.
Енді міне, сонау шалғайдағы Женевада екі апта бұрын олардың күйеу баласы қолға түсіп отыр. Оның ұсталғандығы жөніндегі ақпаратты біздің құқыққорғау органдарымыз неге қатаң құпияда сақтап келген? Бәлкім, Р.Әлбақасов Ақтөбеде де, Атырауда да, тіпті шетелде қашып жүргенде де бостандығының соңғы күніне дейін туыстық-отбасылық байланыстың арқасында ағайынды Рысқалиевтардың барлық құпияларын сақтаушы ең сенімді адамы болып қала бергендігінен шығар? Ол арқылы, әрине, ол женевалық тергеушілерге қандай да бір мәліметтер беріп жатқан болса, ағайындылардың өздеріне тікелей шығу әлдеқайда жеңілдей түсер еді.
Ақордадағылардың Атырауда өтіп жатқан атышулы сот процесін және жабық күйде жүргізіліп жатқан іздеу шараларын мұқият бақылап отырғандығы түсінікті. Айтпақшы, осыған дейін Есеп комитетінің төрағасы, президент әкімшілігінің жетекшісі, екі облыстың әкімі лауазымдарын атқарған Хорватиядағы ҚР елшісі Аслан МУСИН де қазірқызмет бабымен шетелде жүр. Ол сонау 2006 жылы лауазымы жоғарылап, Астанаға кетер кезде, қалай екені белгісіз, Н.НАЗАРБАЕВТЫ облыстық әкімдіктегі өзінің орнына бизнестегі және өзінің қамқорлығындағы серігі (қазір қайда жасырынып жүргені белгісіз) Бергейді тағайындауға көндірген болатын.
«АЖ» ақпараты