Атырау, 27 желтоқсан 04:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ағайынды Рысқалиевтар шекарадан өтпеген

9 548 просмотра

Бүгін, 24 қазанда «Ақ Жайық» редакциясы пошта арқылы өз сауалына ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми жауабын алды Ағайындылардың қайда екенін шекарашылар біледі» жарияланымын қараңыз).

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті

010000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 48,

тіркеу нөмірі 15/2-1-9492,

12.10.2012 ж.

 

Құрметті «Ак Жайық» редакциясы!

Қазақстан Республикасының азаматтары Бергей Сәулебайұлы РЫСҚАЛИЕВ пен Аманжан Сәулебайұлы РЫСҚАЛИДЫҢ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуіне қатысты жолдаған хатыңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызметі қарап шыққанын хабардар етеміз.

2012 жылдың 15 тамызы мен 3 қазаны аралығында аталмыш азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен жоқ.

Баяндалған жайттарды ескере отырып, әрі қарай өздеріңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша түсінік алу үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарласу керек.

Құрметпен, директор орынбасарының міндетін уақытша атқарушы С. Бекжанов       

 

(«АЖ» материалдарын бастапқы дереккөзге сілтемей пайдалану, яғни, өрескел түрде шығармашылық ұрлық жасау және авторлық құқық туралы заңды тікелей бұзу оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты, редакция мемлекеттік ҚазАқпарат және басқа да ақпарат агенттіктеріне, интернет-сайттарға, сондай-ақ, БАҚ-тарға ерекше ескерту жасауға мәжбүр болып отыр: «Ақ Жайық» газетінің осы және кез-келген басқа ақпаратын негізгі бетте көрсетілгендей, www.azh.kz сайтына сілтемесіз пайдалануға тыйым салынады. Батыс БАҚ-тары «АЖ»-ның ағылшын тілді нұсқасы - «WKT» материалдарын пайдаланған кезде осы жайтты мүлтіксіз ұстанады).  

24 қазан 2012, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.