«Жасанды қону бағдарламалары АҚШ-қа қарасты («Диего Гарсия» әскери базасы) Мальдивадағы Мале халықаралық әуежайының ұшу-қону жолы, және Үндістан мен Шри-Ланкадағы басқа да үш ұшу-қону жолдарына негізделіп жасалған. Олардың бәрінің ұзындығы 1000 метр», - деп оқиғамен таныс дереккөзінің сөздерін мысалға келтіреді Huffington Post басылымы.
Оның айтуынша, тергеушілер «Боинг» қатаң бақылаудағы ҰҚЖ-ға қонуы мүмкін» деген болжамды жоққа шығармай отыр. «Бұл нұсқау лайнер тауда қонуы мүмкін деген болжамдармен қатар қарастырылуда», - дейді дереккөз.
Таяуда америкалық тергеушілер лайнер ақпарат тарату жүйесінен ажыратылғаннан кейін автопилоттың басқаруымен біразға дейін қозғалысын жалғастырған деген тоқтамға келді. Автопилотты тек арнайы машықтанған экипаж мүшесі ғана орната алады, дейді тергеушілер. Кеменің бағыты ұшарға дейін немесе кейін ауысқаны әзірге нақтыланбады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 наурызда Куала-Лумпур – Бейжің бағытындағы «Боинг» Малайзия астанасынан ұшысымен екі сағаттан кейін радардан жоғалып кетті. «Боинг 777-200» әуе лайнерінде 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Авиакомпанияның мәліметіне қарағанда, ұшақ соңғы рет Астана уақыты бойынша сағат 00:40-та байланысқа шыққан. Сағат 2:30-да лайнер Бейжің әуежайына қонуы тиіс болатын.
Алдын ала болжамдар бойынша, әуе кемесінің бортында 154 қытай азаматы, 38 – Малайзия, 5 – Үндістан, 7 – Индонезия, 7 – Австралия, 4 – АҚШ, 3 – Франция, және екі-екіден Жаңа Зеландия, Канада мен Украина, сондай-ақ Ресей мен Нидерландының бір-бір азаматы бар.
Осыдан бірер күн бұрын лайнерді белгісіз біреулер басып алуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак мәлім еткендей, «Боинг» бағытын жоғалтқаннан кейін әуеде тағы жеті сағат ұшып жүрген. Оңтүстік-Қытай теңізінде жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді, сондықтан іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылданды.
Дереккөз: bnews.kz