Атырау, 4 мамыр 16:01
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Барлық жаңалықтар

Қоғам

Мақаттағы жол азабы

Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 757 просмотра
Жылуды үнемдеу жолдары табылды Экономика

Жылуды үнемдеу жолдары табылды

Биылғы жылдан бастап Атырау қаласында энергия көздерін тиімді үнемдеу мақсатында жаңа автоматтандырылған жылыту пунктері іске қосылатын болады. Мұндай жағымды жаңалық еліміздің барлық аймақ орталықтарына да қатысты. Өйткені, осы жылы республика бойынша 144 автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру сынақтық жобалары іске асырылмақ. 27 қаңтар 2011, 00:00 9 572 просмотра
Сәбилерге екпе салу керек пе? Қоғам

Сәбилерге екпе салу керек пе?

Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 32 392 просмотра
Басқа жаңалықтар

МАБ сынағы сақталады

Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл  пән математика болмақ екен. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 408 просмотра
Басқа жаңалықтар

Сегіз адам газдан уланды

19 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Жаңа-Қаратоннан Жылыой аудандық ауруханасына уланған 7 адам жеткізілді  деген ақапарат келіп түсті. 48 жастағы әйел адам ауруханаға жетпей көз жұмған. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 281 просмотра
Қоғам

Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік

Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина»  орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы  және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді.  26 қаңтар 2011, 00:00 3 184 просмотра
«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады? Экология

«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады?

ҚР Үкіметі теңізде және ішкі су айдындарында,  ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда мұнай операцияларының жүргізілу Ережесін бекітті. Бұл жаңа ереженің тигізер ықпалы жайлы жергілікті сараптамашылардан сұрап білдік.  «Каспий Табиғаты» қоғамдық ұйымы төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ: «Ереженің жасақталуы жаман емес, барынша қатаңдау. Алайда, әңгіме-оның қалай қабылданатындығында ғой. Бұдан басқа, Экологиялық кодекске қылмыстық жауапкершілікке тартып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырытындай баптарды қарастыратын түзетулер енгізу қарастырылуда. Министрліктің алқа жиынына жеке өз басым қатысып, жазалау шарасын атуға дейін күшейту керек деген ұсынысымды айттым. Оған жауап ретінде министр күлді де, біз өркениетті елде тұрамыз ғой деді. Алайда, Қытай өркениетті ел емес пе? Біздің химиялық кешенде жұмыс жасауға кіріскелі жатқан «Синопек» компаниясының директорын елінде ату жазасына кескен». 26 қаңтар 2011, 00:00 6 048 просмотра
Тыйым салынған емханадан репортаж Қоғам

Тыйым салынған емханадан репортаж

Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды. Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр? 26 қаңтар 2011, 00:00 6 449 просмотра
Басқа жаңалықтар

Көлік салығы көтерілді

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралдарының салық мөлшері өзгерді. Қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін болатын жеңіл көлік салығы 5 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 6 АЕК-ке дейін, ал қозғалтқыш көлемі 2500-ден 3000 текше метрге дейін болатын жеңіл көліктер үшін – 8 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін өскен. 26 қаңтар 2011, 00:00 6 693 просмотра
Қоғам

Көлікқұмар жастар депутатпен келіспейді

Былтыр күзде Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев Үкімет басшысының атына «жүргізуші куәлігін 21 жастан беру қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Кейін бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда, еліміздегі кейбір қоғам қайраткерлері мен жол сақшыларының өзі мұнымен келіспей отыр. Атыраудағы автомектеп жетекшілері мен көлік үйренемін деп жүрген кей жастар да бұған түбегейлі қарсы. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 963 просмотра
Әкімдік еттің екі мың теңге болмағанын мақтанышпен мәлімдеді  Экономика

Әкімдік еттің екі мың теңге болмағанын мақтанышпен мәлімдеді

Дүйсенбіде облыстық әкімдікте Жаңа жыл алдында аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағаларына қатысты мәселелер талқыланды. Биліктегілер сатушылардың баға өсірулеріне ешқандай негіз болмағандығын сенімді түрде мәлімдеп отыр.  Демек, сонда атыраулықтар кезекті баға келісімінің құрбаны болғаны ма?! 20 қаңтар 2011, 00:00 4 363 просмотра
Оқиға

Қашқындарды сол күні ұстапты

6-шы қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қашып кету фактісі орын алған. ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қамауда отырған үшеу (екеуі 1981 жылы туылған және біреуі 1977 жылы туылған) тергеу изоляторынан таңғы сағат бестерде ғайып болған. 20 қаңтар 2011, 00:00 2 987 просмотра
Атырау көшелеріндегі Азиада алауы Спорт

Атырау көшелеріндегі Азиада алауы

16 қаңтарда  Атырау әуежайына Ақтаудан Азиада-2011 алауы әкелінді. Оны АН-30 ұшағымен VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері арнайы колбамен әкелді. Сол колба арқылы Алау еліміздің бүкіл аймағын аралап шығады. 20 қаңтар 2011, 00:00 8 325 просмотра
Мүрдехана қызметі де ақылы Қоғам

Мүрдехана қызметі де ақылы

Мақаттықтар өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы ақша талап еткеніне шағымданады. Алайда филиал басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл  ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді. Өйткені  жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да   үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 408 просмотра
Оқиға

Қашуға күйзеліс түрткі болған

17-қаңтарда, Атыраудағы тергеу изоляторындағы төтенше оқиғадан кейін редакцияға жолдары болмаған қашқындардың бірі Дмитрий БАКИРОВТІҢ анасы мен жұбайы хабарласты. Олар оған тағылып отырған қылмыс бойынша істің жағдайын әңгімелеп берді. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 502 просмотра
Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер? Оқиға

Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер?

Өткен демалыс күндері белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратындағы он бес бейітті қорлаған. Зират қызметкерлері мұны 15-ші қаңтарда байқапты. Бұзақылар қатар жатқан бейіттердегі марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар тақталарын қиратып тастаған. Бәрін бірдей емес, іріктегендей зират жақтан бағдарлағанда орталық ауыздың оң жағындағы бейіттерді талқандапты. Тақталардың беткі жағына әлдебір қызыл сұйықтық жағып тастаған. Қылмыс болған жерге полиция қызметкерлері келіп, саусақ таңбаларын алып, суретке түсіріп алды. 20 қаңтар 2011, 00:00 12 574 просмотра
Басқа жаңалықтар

Жаулин білім басқармасына басшы болды

Қала әкімінің өкімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары болып бұрын гуманитарлық колледждің директоры және облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған  ҚАРАБАЕВА Айжан Сәрсенқызы тағайындалды. 20 қаңтар 2011, 00:00 4 761 просмотра