Атырау, 26 сәуір 15:23
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қашқындарды сол күні ұстапты

2 983 просмотра

16-шы қаңтарға қараған түні тергеу изоляторынан қашып кету фактісі орын алған.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, қамауда отырған үшеу (екеуі 1981 жылы туылған және біреуі 1977 жылы туылған) тергеу изоляторынан таңғы сағат бестерде ғайып болған.

Қашу фактісі бойынша ІІД-нің бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған, қаладан шығатын жерлердегі барлық күзеттер күшейтіліп, іздеу шаралары басталған. Барлығы сол күні ұсталған. Біреуін Баймұханов көшесіндегі жалдап алған пәтерден, қалған екеуін көшеден ұстапты. Қашқындардың біріне жаңадан үкім шығарылған (тонағаны үшін 5 жыл) екен, қалғандары изоляторда 259-шы «есірткі» бабы бойынша айыпталуда. Қашқындардың түрме қабырғасынан қалай шығып кеткендері әзірге белгісіз. Изоляторда қызметтік тексеру жүргізілуде, оның қызметкерлерінің қарама-қайшы жауап беретіндігі белгілі.

Ал қала ішінде тергелушілерді таңертеңге дейін босатып жіберген, алайда белгіленген мерзімде әлгілер оралмапты, тек ауысым кезінде олардың жоқ екендігі анықталып, қашып кеткен деп дабыл соғылған деген қауесет тарап кетті. Әрине, бұл тек жел сөз ғана. Іс жүзінде қалай болғанын тексеру жұмыстары анықтайды. Бірақ өздеріңіз ойлап көріңізші – тергеу изоляторы дуалдан секіріп қашатын немесе Ақтаудағыдай қаруланған жаппай қашуды ұйымдастыратын колония емес қой. Изолятордан шығу үшін қашқындарға кем дегенде жабық бес есіктен өтуге тура келеді.

Лев ГУЗИКОВ

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.