Атырау, 23 сәуір 11:04
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Әкімдік еттің екі мың теңге болмағанын мақтанышпен мәлімдеді

4 357 просмотра

Дүйсенбіде облыстық әкімдікте Жаңа жыл алдында аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағаларына қатысты мәселелер талқыланды. Биліктегілер сатушылардың баға өсірулеріне ешқандай негіз болмағандығын сенімді түрде мәлімдеп отыр.  Демек, сонда атыраулықтар кезекті баға келісімінің құрбаны болғаны ма?!

Облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Олег БАСИЕВ бүгінгі күні ірі көтерме сатушылардың қоймаларында 1,5-3 айлық қор бар екендігін хабарлады.  Демек, тапшылық жоқ және ол болған да жоқ.Ал, баяндамашының одан арғы мәліметтері нақты күдіктерді келтіре бастады. Ол мәселен, Жаңа жыл алдында негізгі жеткізушілер бағаны көтерген 2009 жылғы жағымсыз тәжірибе биылғы жылы қайталанған жоқ деп мәлімдеді. Және оның бәрі 2010 жылы қабылданған мереке күндері бағаны көтермеу туралы меморандумның қабылдануының арқасында болды. Дәл осы шаралардың арқасында еліміздің басқа аймақтарына қарағанда бізде еттің бағасы 2000 теңгеге жеткен жоқ! Бар-жоғы 1300 теңге ғана болды... 

Әкімдік қызметкерлерін (олардың қайдан азық-түлік алатындығын қайдам?!) білмеймін, алайда, қол қойылған меморандум туралы білмейтін қарапайым халық үшін жаңа жыл алдындағы қала базарларындағы баға қатты шошындырған еді. Ет, еттен жасалатын жеңсік тағамдар, жемістер мен көкөністердің бағасы, тіпті, екі есеге дейін өсті. Түсінсеңіз, оларға меморандум, бұйрық емес?!

О.Басиевтің сөзіне қарағанда, әкімдік арқылы Атырау қаласында апта сайын бағаларды түсіру  үш сауда нүктесінде жүргізіледі. Облыстық әкімдіктің пікірінше, дәл осы сауда нүктелерінде азық-түлікті қалалықтардың 70 пайызы және аудан тұрғындарының ұсақ көтерме сауда жасаушылары алады. Дәл осы сауда нүктелеріне бағаны ұстау шаралары бағытталған. Олар «Дина» базары, «РАШ» сауда орталығы және Привокзальныйдағы «Атаба» көтерме сауда нүктесі. Ал, облыс бойынша 2 мың шамасындағы басқа қалған сауда нүктелеріне, О.Басиевтің сөзіне қарағанда, мониторинг жасаудың еш мәнісі жоқ көрінеді. Оларда бүгінде 5 мыңдай кәсіпкер еңбек етуде, жазалау санкциялары оларды құрып кетуге апарады.

Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады, бағаны төмендету жолындағы  күресте билік екі оттың ортасында қалды, бағаны да ұстау керек, кәсіпкерлерді де ренжітпеу қажет.  

Мәжілістен кейін облыс әкімі аудан әкімдерімен қалып, бағаны ерікті түрде төмендететін кәсіпкерлерді субсидиялау мәселесін талқыламақшы болды.

О.Басиев сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізілімін кеңейтуді қарастыратын  ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның қол қою сатысында екендігін мәлімдеді. Осы заңға сәйкесті үкіметте әрбір аймақ үшін азық-түлік тағамдарына бастапқы баға белгілеу мүмкіндігі пайда болады. Бұл шаралар егер қандайма бір азық-түлік өніміне бір ай ішінде оның бағасының 30 пайызға өскендігі тіркелген жағдайда қолданылмақ. Ал, шектеулі бағаны белгілеу мерзімі 60 күнді құрайтын болады. Бұдан басқа, жаңа заң бағаны көтергендігі үшін ғана емес, сауда желілерінде тауардың  шектеулі болғандығы үшін де әкімішілк жауапкершілікті қарастырады.  

Облыстық монополияға қарсы комитет бастығы Нұрлан ТАУБАЕВ қалалық әкімдіктен келіп түскен дабылдардан кейін «Атаба», «Идеал» супермаркеттері желісін тексеріп, ешқандай тәртіп бұзушылықтар анықталмағандығын мәлімдеді. Жекелеп айтқанда, қант пен қарақұмық бағасына қатысты бұл өнімдерді желіге жеткізу маржасы 3-4 пайызды құрайтынын, сауда желілері маржасы- 8 пайыз болатындығын анықтады. Және олардың бағасының көтерілуі облысқа сырттан әкелушілерден сатып алу бағасының өсуімен орын алған.

Мәжілістен соң О.Басиев журналистерге өткен жылы азық-түлік бағасының бүкіл әлемде шарықтап өскендігін мәлім етті. Әрине, бүкіл әлем деп айту көңіл көншітер, дегенмен, тұрған мекеніңде қандайма  бір тәртіптің болғаны жөн ғой.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.