Атырау, 27 желтоқсан 06:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

"Қызуын" түсірдік

3 669 просмотра

Облыс тұрғындары тұтынылған газ үшін өтемақы коэффициентін есептемей төлеу туралы құқықтарын өз қорғап шықты.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың желтоқсанында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалының абоненттік қызметі алғаш рет газ есептегіштері сыртта орналасқан тұтынушылармен есеп-айырысуда сыртқы ауа температурасына байланысты төлем сомасынан асатын «ауа-райы» коэффициентін қолданған едіГаз: есепшоттар көбейді», «Халықтың айтары бар», «ТМРА ешқашан ешнәрсеге қарсы болмайды. Газшылар «температураны» өздері алып тастады», «Әкім кейін шегеруді сұрады», «Газ ережеден жоғары» жарияланымдарын қараңыз).

28 ақпанда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА телефон арқылы сөйлескенде, облыстық әкімдік пен агенттік департаментінің ортақ шешімімен жеке тұлғалар үшін түзету коэффициентінің күші толығымен жойылғанын хабарлады.

Алайда 19 ақпанда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Бексұлтан ҚҰРМАНҚҰЛОВ редакция мекен-жайына төмендегідей хабарлама жолдаған еді Әкім кейін шегеруді сұрады» жарияланымын қараңыз): «Атырау облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында 2012 жылдың 27 қыркүйегінде қол қойылған Меморандум шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау, сонымен қатар Атырау облыстық әкімдігінің тілегін қабылдау мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап, тұтынушылармен (жеке тұлғалармен) өзара есеп-айырысу кезінде түзету (температуралық) коэффициентін уақытша қолданбау туралы шешім қабылдады».

Сондықтан мен департаментке аяқтай барып, Балжан Ибатқызынан: «Түсіндіріңізші: түзету коэффициентін енгізу біржола жойылды ма әлде белгілі бір уақытқа дейін кейінге қалдырылды ма?» деп, қайта сұрадым.

Ол: «Сіздер сенбейсіздер ме?! Жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті жойылды. Бұдан басқа, біздің департаменттің мамандары жүргізген тексеру актісіне сәйкес, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ абоненттік қызметі желтоқсанда, қаңтарда, ақпанда түзету коэффициенті есебімен газ үшін төлем жүргізген облыс тұрғындарымен жалпы сомасы 32 млн теңгеге қайта есептесуге міндетті. Ақшалар қолма-қол түрінде қайтарылмайды, келесі айлардың есепшоттарына аударылады. Бұдан басқа, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Мұнай және газ министрлігіне заңды тұлғалар үшін түзету коэффициентін жою ұсынысымен хат жолдады» деген жауап алдым.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 наурыз 2013, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.