Атырау, 27 желтоқсан 22:32
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Әкім кейін шегеруді сұрады

3 513 просмотра

19 ақпанда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның баспасөз қызметінің жетекшісі Бексұлтан ҚҰРМАНҚҰЛОВ редакция мекен-жайына ахуалды түсіндірген ("ТМРА ешқашан ешнәрсеге қарсы болмайды. Газшылар «температураны» өздері алып тастады." жарияланымын қараңыз) келесі хабарлама хатты жолдады:

«Атырау облысы әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында 2012 жылғы 27 қыркүйекте қол қойылған Меморандум шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында, сондай-ақ, Атырау облысы әкімдігімен келісімге келе отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау өндірістік филиалы 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап тұтынушылармен (жеке тұлғаларға) өзара есептесу кезінде түзету (температуралық) коэффициенттерін уақытша қолданбауға шешім шығарды. Сонымен қатар, тауарлы газдың сенімді жеткізушісі ретінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ әрқашан заңнамалар бекіткен ережелерді жетекшілікке алатынын хабарлаймыз. Тұтынушылармен есептескенде тұтынылған газ көлемін сәйкестендіретін стандартты талаптарды белгілеу қажеттілігі ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1041 қаулысымен бекітілген жаңа «Тауарлы және сығылған мұнай газын бөлшек саудаға шығару және қолдану ережелерін» енгізілуіне негізделген.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ түзету коэффициентін қолдануға байланысты кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және осылардың қорытындыларынан кейін температура бойынша түзету коэффициенттерін қолдану әрекеттерін бастайды.

Атырау облысы аумағында әрекет ететін заңды тұлғалар үшін ережелер бұрынғыша қолданыла береді.

Тағы да естеріңізге саламыз, газ көлемін стандартты талаптарға келтіруде қолданылатын барлық мемлекеттік стандарттар, Ережелер, Әдістемелер, Заңдар өзгертіліп, ауыстырылған жоқ, барлығы бүгінгі күні өзекті, заңды күштері бар».

Сонымен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ белгісіз уақытқа дейін дамылдай тұруға шақырып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 ақпан 2013, 22:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.