Атырау, 6 мамыр 15:33
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Салонын «плацкартқа» айналдырған автобусты ұстады

4 043 просмотра

4 желтоқсанда «Береке» ықшам ауданында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Атырау-Шымкент  бағытымен шыққан Van Hool маркалы автобусын тоқтатты. Салонды тексеру кезінде жүргізушілердің автобусты дөңгелекті қонақ үйге айналдырғаны анықталды. Креслолардың орнына екі қатар орнатылған 28 кереуетте 17 жолаушы жайғасқан.

Екі жүргізуші де Түркістан облысының тұрғындары. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оларға көлік құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ, жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 желтоқсан 2020, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.