Атырау, 19 мамыр 09:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар жаппай ойынқұмарлықтан өз еркілерімен шектелуде

647 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті – еліміздегі құмар ойындар саласына жауапты уәкілетті орган онлайн форматта ойынқұмарлықтан бас тартуға өтініш беретін функцияны ойлап тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомствода құмар ойындарға қатысудан және цифрлық форматтағы бәс тігуден өз бетінше шектеу бойынша опция әзірленіп, іске қосылды – мұны қазақстандықтар eGov mobile қосымшасы арқылы жүзеге асыра алады. 

МТС eGov арқылы өзін-өзі шектеу мүмкіндігін іске қосып қана қоймай, бұл туралы халықты барынша хабардар етті. Министрлік бұл қызметті ілгерілету үшін кең әлеуметтік жарнамалық науқан жүргізді. Еліміздің 10 өңірінде 200-ден астам баннерлер мен билбордтар ілінді.

Енді Қазақстан тұрғындары EGOV mobile мобильді қосымшасы арқылы алты айдан 12 айға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеу туралы бірден өтініш бере алады. Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеуге кететін уақытты айтарлықтай азайтады және құмар ойындардан өзін-өзі алып тастау процесін жеңілдетеді. Бұл кез келген азаматқа, әсіресе шамадан тыс ойнауға бейім адамдарға Қазақстанда лицензиясы бар барлық ресми ойын алаңдары мен онлайн букмекерлік платформаларға қолжетімділікті дереу шектеуге мүмкіндік береді.

Министрлік енгізген опция өте тиімді болып шықты: бұрын офлайн-жазбаша өтінішті үш жылда небәрі 5 мың адам берген, ал бүгінгі күні бір айда еліміздің 60 мыңға жуық тұрғыны онлайн-режимде құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше шектелген. Бұл процесті өзін-өзі шектеу қызметтерін цифрлық форматқа көшіру ынталандырды.

6 мамыр, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.